Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #188 Translated in Kazakh

أَيَّامًا مَعْدُودَاتٍ ۚ فَمَنْ كَانَ مِنْكُمْ مَرِيضًا أَوْ عَلَىٰ سَفَرٍ فَعِدَّةٌ مِنْ أَيَّامٍ أُخَرَ ۚ وَعَلَى الَّذِينَ يُطِيقُونَهُ فِدْيَةٌ طَعَامُ مِسْكِينٍ ۖ فَمَنْ تَطَوَّعَ خَيْرًا فَهُوَ خَيْرٌ لَهُ ۚ وَأَنْ تَصُومُوا خَيْرٌ لَكُمْ ۖ إِنْ كُنْتُمْ تَعْلَمُونَ
Санаұлы күндерде. Ал, сендерден кім ауру не сапарда болса, онда басқа күндерде толтырсын . Ал, шамасы келетіндерге өтем ретінде кедейді тамақтандыру міндет . Ал, кім өз еркімен қосымша бір жақсы іс жасаса, ол өзі үшін қайырлы. Егер білсеңдер, ораза ұстағандарың өздерің үшін қайырлы
شَهْرُ رَمَضَانَ الَّذِي أُنْزِلَ فِيهِ الْقُرْآنُ هُدًى لِلنَّاسِ وَبَيِّنَاتٍ مِنَ الْهُدَىٰ وَالْفُرْقَانِ ۚ فَمَنْ شَهِدَ مِنْكُمُ الشَّهْرَ فَلْيَصُمْهُ ۖ وَمَنْ كَانَ مَرِيضًا أَوْ عَلَىٰ سَفَرٍ فَعِدَّةٌ مِنْ أَيَّامٍ أُخَرَ ۗ يُرِيدُ اللَّهُ بِكُمُ الْيُسْرَ وَلَا يُرِيدُ بِكُمُ الْعُسْرَ وَلِتُكْمِلُوا الْعِدَّةَ وَلِتُكَبِّرُوا اللَّهَ عَلَىٰ مَا هَدَاكُمْ وَلَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ
Рамазан айы сондай ай, онда адамдар үшін басшылық әрі тура жол мен фурқанның анық дәлелдері ретінде Құран түсірілген. Сендерден кім бұл айда болса, ораза ұстасын. Ал, кім ауру немесе сапарда болса, есебін ұстамаған күндерін басқа күндерде толтырсын . Аллаһ сендерге жеңілдік қалайды, Ол сендерге қиыншылық қаламайды. Әрі санын толтырыңдар және Аллаһты ұлықтаңдар сендерді тура жолға салғаны үшін және шүкір етулерің Оның берген игіліктеріне алғыс білдірулерің үшін
وَإِذَا سَأَلَكَ عِبَادِي عَنِّي فَإِنِّي قَرِيبٌ ۖ أُجِيبُ دَعْوَةَ الدَّاعِ إِذَا دَعَانِ ۖ فَلْيَسْتَجِيبُوا لِي وَلْيُؤْمِنُوا بِي لَعَلَّهُمْ يَرْشُدُونَ
Ей, Мұхаммед! Ал, қашан құлдарым сенен Мен туралы сұраса, күмәнсіз, Мен өте жақынмын. Қашан менен тілесе, сұраушының тілегіне жауап беремін. Тура жолмен жүру үшін олар да маған жауап берсін бұйрығымды орындасын және Маған сенсін
أُحِلَّ لَكُمْ لَيْلَةَ الصِّيَامِ الرَّفَثُ إِلَىٰ نِسَائِكُمْ ۚ هُنَّ لِبَاسٌ لَكُمْ وَأَنْتُمْ لِبَاسٌ لَهُنَّ ۗ عَلِمَ اللَّهُ أَنَّكُمْ كُنْتُمْ تَخْتَانُونَ أَنْفُسَكُمْ فَتَابَ عَلَيْكُمْ وَعَفَا عَنْكُمْ ۖ فَالْآنَ بَاشِرُوهُنَّ وَابْتَغُوا مَا كَتَبَ اللَّهُ لَكُمْ ۚ وَكُلُوا وَاشْرَبُوا حَتَّىٰ يَتَبَيَّنَ لَكُمُ الْخَيْطُ الْأَبْيَضُ مِنَ الْخَيْطِ الْأَسْوَدِ مِنَ الْفَجْرِ ۖ ثُمَّ أَتِمُّوا الصِّيَامَ إِلَى اللَّيْلِ ۚ وَلَا تُبَاشِرُوهُنَّ وَأَنْتُمْ عَاكِفُونَ فِي الْمَسَاجِدِ ۗ تِلْكَ حُدُودُ اللَّهِ فَلَا تَقْرَبُوهَا ۗ كَذَٰلِكَ يُبَيِّنُ اللَّهُ آيَاتِهِ لِلنَّاسِ لَعَلَّهُمْ يَتَّقُونَ
Сендерге оразаның түнінде әйелдеріңе жақындасуға рұқсат етілді. Олар сендер үшін киім, сендер де олар үшін киімсіңдер. Аллаһ сендердің өздеріңе қиянат етіп жүргендеріңді білді әрі күнәларыңа шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуларыңды тәубелеріңді қабыл етіп, сендерді кешірді. Олармен енді қосыла беріңдер және Аллаһтың өздеріңе жазғанын іздендер Әрі таңның ақ жібі қара жіптен анықталғанға дейін жеңдер-ішіңдер, кейін оразаны кешке дейін ұстап аяқтаңдар. Мешіттерде иғтикаф жасаушы болған хал­де, оларға әйелдеріңе жақындаспаңдар. Осы Аллаһтың белгілеген шекаралары, оған жақындамаңдар. Аллаһ адамдарға, олар тақуалық етулері Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанулары үшін аяттарын осылай түсіндіреді
وَلَا تَأْكُلُوا أَمْوَالَكُمْ بَيْنَكُمْ بِالْبَاطِلِ وَتُدْلُوا بِهَا إِلَى الْحُكَّامِ لِتَأْكُلُوا فَرِيقًا مِنْ أَمْوَالِ النَّاسِ بِالْإِثْمِ وَأَنْتُمْ تَعْلَمُونَ
Мал-дүниелеріңді өзара құқықсыз заңсыз түрде жемеңдер. Сондай-ақ, адамдардың мал-дүниесінен, күнә екенін біле тұра, жеу үшін өз малдарыңның бір бөлігін үкім шығарушыларға пара етіп ұсынбаңдар

Choose other languages: