Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #175 Translated in Kazakh

وَمَثَلُ الَّذِينَ كَفَرُوا كَمَثَلِ الَّذِي يَنْعِقُ بِمَا لَا يَسْمَعُ إِلَّا دُعَاءً وَنِدَاءً ۚ صُمٌّ بُكْمٌ عُمْيٌ فَهُمْ لَا يَعْقِلُونَ
Күпірлік етушілердің Аллаһқа қарсыкелушілердің мысалы: оларға айқайлағанда үн мен айқайдан басқаны естімейтін біреу тәрізді саңырау, мылқау, соқыр. Олар ақылдарын істетпейді
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا كُلُوا مِنْ طَيِّبَاتِ مَا رَزَقْنَاكُمْ وَاشْكُرُوا لِلَّهِ إِنْ كُنْتُمْ إِيَّاهُ تَعْبُدُونَ
Ей, иманға келгендер! Біз сендерге берген жақсы нәрселерден жеңдер әрі Аллаһқа шүкір етіңдер Оның берген игіліктеріне алғыс білдіріңдер , егер құлшылықтарыңды тек Оған арнап жасаушы болсаңдар
إِنَّمَا حَرَّمَ عَلَيْكُمُ الْمَيْتَةَ وَالدَّمَ وَلَحْمَ الْخِنْزِيرِ وَمَا أُهِلَّ بِهِ لِغَيْرِ اللَّهِ ۖ فَمَنِ اضْطُرَّ غَيْرَ بَاغٍ وَلَا عَادٍ فَلَا إِثْمَ عَلَيْهِ ۚ إِنَّ اللَّهَ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Шын мәнінде, Ол сендерге өлексені, қанды, доңыз етін және Аллаһтан басқаға арнап сойылғанды тыйым салды харам қылды . Сонда кім тыйым салынғанды жеуге мәжбүр болып, оған құштарлық танытпай әрі оны рұқсат етілген мөлшерден асырмай жесе, оған күнә жоқ. Шын мәнінде, Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
إِنَّ الَّذِينَ يَكْتُمُونَ مَا أَنْزَلَ اللَّهُ مِنَ الْكِتَابِ وَيَشْتَرُونَ بِهِ ثَمَنًا قَلِيلًا ۙ أُولَٰئِكَ مَا يَأْكُلُونَ فِي بُطُونِهِمْ إِلَّا النَّارَ وَلَا يُكَلِّمُهُمُ اللَّهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ وَلَا يُزَكِّيهِمْ وَلَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ
Ақиқатында, Аллаһтың Кітапта түсіргенін жасырып, әрі ол үшін болмашы бағаны дүниелік мүддені сатып алатындар, міне солар, қарындарына от болатынды жейді. Қайта тірілу күні Аллаһ оларға сөйлемейді әрі оларды тазартпайды, әрі оларға күйзелтуші азап бар
أُولَٰئِكَ الَّذِينَ اشْتَرَوُا الضَّلَالَةَ بِالْهُدَىٰ وَالْعَذَابَ بِالْمَغْفِرَةِ ۚ فَمَا أَصْبَرَهُمْ عَلَى النَّارِ
Олар тура жолдың орнына адасуды, кешірімнің орнына азапты сатып алғандар. Сонда олар Отқа тозаққа қалай сабыр етпек

Choose other languages: