Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Araf Ayahs #83 Translated in Kazakh

فَتَوَلَّىٰ عَنْهُمْ وَقَالَ يَا قَوْمِ لَقَدْ أَبْلَغْتُكُمْ رِسَالَةَ رَبِّي وَنَصَحْتُ لَكُمْ وَلَٰكِنْ لَا تُحِبُّونَ النَّاصِحِينَ
Салих олардан жүзін бұрып: «Әй, елім! Сендерге Раббымның жолдағанын жеткіздім әрі сендерге адал кеңес бердім. Бірақ сендер кеңес берушілерді жақсылыққалаушыларды ұнатпадыңдар», деді
وَلُوطًا إِذْ قَالَ لِقَوْمِهِ أَتَأْتُونَ الْفَاحِشَةَ مَا سَبَقَكُمْ بِهَا مِنْ أَحَدٍ مِنَ الْعَالَمِينَ
Сондай-ақ Лұтты да жібердік . Сол кезде ол еліне: «Сендер бұрын әлемдерден ешкім істемеген жиіркенішті істі істейсіңдер ме
إِنَّكُمْ لَتَأْتُونَ الرِّجَالَ شَهْوَةً مِنْ دُونِ النِّسَاءِ ۚ بَلْ أَنْتُمْ قَوْمٌ مُسْرِفُونَ
Сендер әйелдерді қойып, еркектерге қатысты тәнқұмарлықтарына шәһуәттарына ересіңдер. Шын мәнінде, сендер шектен шыққан елсіңдер», деді
وَمَا كَانَ جَوَابَ قَوْمِهِ إِلَّا أَنْ قَالُوا أَخْرِجُوهُمْ مِنْ قَرْيَتِكُمْ ۖ إِنَّهُمْ أُنَاسٌ يَتَطَهَّرُونَ
Ал, оның елінің: «Бұларды жұрттарыңнан шығарыңдар, бұлар тазасынған адамдар екен», деп айтқаннан басқа жауабы болмады
فَأَنْجَيْنَاهُ وَأَهْلَهُ إِلَّا امْرَأَتَهُ كَانَتْ مِنَ الْغَابِرِينَ
Сонда Біз оны және әйелінен өзге үй ішіндегілерін құтқардық. Әйелі қалушылардан болды

Choose other languages: