Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Araf Ayahs #86 Translated in Kazakh

وَمَا كَانَ جَوَابَ قَوْمِهِ إِلَّا أَنْ قَالُوا أَخْرِجُوهُمْ مِنْ قَرْيَتِكُمْ ۖ إِنَّهُمْ أُنَاسٌ يَتَطَهَّرُونَ
Ал, оның елінің: «Бұларды жұрттарыңнан шығарыңдар, бұлар тазасынған адамдар екен», деп айтқаннан басқа жауабы болмады
فَأَنْجَيْنَاهُ وَأَهْلَهُ إِلَّا امْرَأَتَهُ كَانَتْ مِنَ الْغَابِرِينَ
Сонда Біз оны және әйелінен өзге үй ішіндегілерін құтқардық. Әйелі қалушылардан болды
وَأَمْطَرْنَا عَلَيْهِمْ مَطَرًا ۖ فَانْظُرْ كَيْفَ كَانَ عَاقِبَةُ الْمُجْرِمِينَ
Әрі Біз оларға тастан жаңбыр жаудырдық. Қылмыскерлердің соңы немен біткеніне назар сал
وَإِلَىٰ مَدْيَنَ أَخَاهُمْ شُعَيْبًا ۗ قَالَ يَا قَوْمِ اعْبُدُوا اللَّهَ مَا لَكُمْ مِنْ إِلَٰهٍ غَيْرُهُ ۖ قَدْ جَاءَتْكُمْ بَيِّنَةٌ مِنْ رَبِّكُمْ ۖ فَأَوْفُوا الْكَيْلَ وَالْمِيزَانَ وَلَا تَبْخَسُوا النَّاسَ أَشْيَاءَهُمْ وَلَا تُفْسِدُوا فِي الْأَرْضِ بَعْدَ إِصْلَاحِهَا ۚ ذَٰلِكُمْ خَيْرٌ لَكُمْ إِنْ كُنْتُمْ مُؤْمِنِينَ
Сондай-ақ Мәдиян еліне бауырлары Шұғайыпты жібердік . Ол: «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер, сендер үшін Одан басқа ешбір құдай жоқ. Сендерге өздеріңнің Раббыңнан анық бір дәлел келді. Өлшеуді және таразыда туралықты ұстаңдар әрі адамдардың заттарын кемітпеңдер. Жер беті түзетілгеннен кейін онда бұзу-бүлдірушілік жасамаңдар. Егер иманды болсаңдар, осылай етулерің өздерің үшін қайырлы
وَلَا تَقْعُدُوا بِكُلِّ صِرَاطٍ تُوعِدُونَ وَتَصُدُّونَ عَنْ سَبِيلِ اللَّهِ مَنْ آمَنَ بِهِ وَتَبْغُونَهَا عِوَجًا ۚ وَاذْكُرُوا إِذْ كُنْتُمْ قَلِيلًا فَكَثَّرَكُمْ ۖ وَانْظُرُوا كَيْفَ كَانَ عَاقِبَةُ الْمُفْسِدِينَ
Әрі адамдарды қорқыту үшін әрбір жолда отырмаңдар. Сондай-ақ Аллам жолын қисайтуды қалап, одан иманға келгендерді қайтармаңдар. Өздерің аз болған кезде Ол сендерді көбейткенін естеріңе алыңдар. Бұзушы-бүлдірушілердің соңының немен біткеніне назар салыңдар

Choose other languages: