Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Araf Ayahs #183 Translated in Kazakh

وَلَقَدْ ذَرَأْنَا لِجَهَنَّمَ كَثِيرًا مِنَ الْجِنِّ وَالْإِنْسِ ۖ لَهُمْ قُلُوبٌ لَا يَفْقَهُونَ بِهَا وَلَهُمْ أَعْيُنٌ لَا يُبْصِرُونَ بِهَا وَلَهُمْ آذَانٌ لَا يَسْمَعُونَ بِهَا ۚ أُولَٰئِكَ كَالْأَنْعَامِ بَلْ هُمْ أَضَلُّ ۚ أُولَٰئِكَ هُمُ الْغَافِلُونَ
Ақиқатында, Біз Жаһаннам (Тозақ) үшін көп жын мен адамдарды жараттық. Олардың жүректері бар, олар онымен түсінбейді. Көздері бар, онымен көрмейді. Олардың құлақтары бар, ол арқылы естімейді. Олар мал тәрізді, жоқ одан да әрі. Міне, солар нағыз қаперсіздер
وَلِلَّهِ الْأَسْمَاءُ الْحُسْنَىٰ فَادْعُوهُ بِهَا ۖ وَذَرُوا الَّذِينَ يُلْحِدُونَ فِي أَسْمَائِهِ ۚ سَيُجْزَوْنَ مَا كَانُوا يَعْمَلُونَ
Ең көркем есімдер Аллаһтікі. Сол есімдері арқылы Одан тілеңдер. Оның есімдеріне қатысты ауытқығандарды қалдырып, тәрк етіңдер. Жақында оларға істеп өткен амалдарының қайтарымы беріледі
وَمِمَّنْ خَلَقْنَا أُمَّةٌ يَهْدُونَ بِالْحَقِّ وَبِهِ يَعْدِلُونَ
Жаратқандарымыздың ішінде ақиқат бойынша тура жолға бағыттайтын әрі онымен әділдік істейтін бір үммет бар
وَالَّذِينَ كَذَّبُوا بِآيَاتِنَا سَنَسْتَدْرِجُهُمْ مِنْ حَيْثُ لَا يَعْلَمُونَ
Әрі аяттарымызды өтірік санағандарды, өздері білмейтін жақтан, бірте-бірте тартып түсіреміз
وَأُمْلِي لَهُمْ ۚ إِنَّ كَيْدِي مَتِينٌ
Әрі оларға уақыт беремін. Негізінде, Менің амал-тәсілім өте мықты

Choose other languages: