Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Araf Ayahs #149 Translated in Kazakh

وَكَتَبْنَا لَهُ فِي الْأَلْوَاحِ مِنْ كُلِّ شَيْءٍ مَوْعِظَةً وَتَفْصِيلًا لِكُلِّ شَيْءٍ فَخُذْهَا بِقُوَّةٍ وَأْمُرْ قَوْمَكَ يَأْخُذُوا بِأَحْسَنِهَا ۚ سَأُرِيكُمْ دَارَ الْفَاسِقِينَ
Біз оған әрбір нәрсені насихат етіп және әрбір нәрсенің анық түсіндірмесін тақтайшаларға жазып бердік. Мұсаға. «Оны мықты ұста және еліңе оның ең жақсысын ұстануларын бұйыр», деді. Жақында сендер­ге бұзықтардың бойсұнбаушылардың мекенін көрсетемін
سَأَصْرِفُ عَنْ آيَاتِيَ الَّذِينَ يَتَكَبَّرُونَ فِي الْأَرْضِ بِغَيْرِ الْحَقِّ وَإِنْ يَرَوْا كُلَّ آيَةٍ لَا يُؤْمِنُوا بِهَا وَإِنْ يَرَوْا سَبِيلَ الرُّشْدِ لَا يَتَّخِذُوهُ سَبِيلًا وَإِنْ يَرَوْا سَبِيلَ الْغَيِّ يَتَّخِذُوهُ سَبِيلًا ۚ ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمْ كَذَّبُوا بِآيَاتِنَا وَكَانُوا عَنْهَا غَافِلِينَ
Жер бетінде өздерін, құқығы болмаса да жоғары санағандарды белгілерімнен теріс бұрамын. Олар қандай да бір белгіні көрсе, оған сенбейді. Егер түзу жолды көрсе, оны жол етіп ұстанбайды. Ал, адасу жолын көрсе, соны өздеріне жол етіп алады. бұл олардың белгілерімізді өтірікке шығарғандары әрі одан қаперсіз, немқұрайлы болғандары себепті
وَالَّذِينَ كَذَّبُوا بِآيَاتِنَا وَلِقَاءِ الْآخِرَةِ حَبِطَتْ أَعْمَالُهُمْ ۚ هَلْ يُجْزَوْنَ إِلَّا مَا كَانُوا يَعْمَلُونَ
Белгілерімізді және соңғы, мәңгілік өмірдегі Ақиреттегі кездесуді өтірік санағандардың амалдары зая кетті. Оларға істеп өткендерінен басқа қайтарымы беріле ме
وَاتَّخَذَ قَوْمُ مُوسَىٰ مِنْ بَعْدِهِ مِنْ حُلِيِّهِمْ عِجْلًا جَسَدًا لَهُ خُوَارٌ ۚ أَلَمْ يَرَوْا أَنَّهُ لَا يُكَلِّمُهُمْ وَلَا يَهْدِيهِمْ سَبِيلًا ۘ اتَّخَذُوهُ وَكَانُوا ظَالِمِينَ
Мұсаның елі ол кеткеннен кейін әшекей заттарынан ыңыранған үн шығаратын бұзаудың мүсінін жасап алды. Олар оның мүсіннің өздеріне сөйлемейтінін әрі тура жол көрсетпейтінін көрмеді ме? Олар оны құдай тұтып әділетсіздерден болды
وَلَمَّا سُقِطَ فِي أَيْدِيهِمْ وَرَأَوْا أَنَّهُمْ قَدْ ضَلُّوا قَالُوا لَئِنْ لَمْ يَرْحَمْنَا رَبُّنَا وَيَغْفِرْ لَنَا لَنَكُونَنَّ مِنَ الْخَاسِرِينَ
Олар қолдары төмен түскен қатты өкінген және өздерінің анық адасқандарын көрген кезде: «Егер Раббымыз бізге мейірім етпесе және кешірмесе, әлбетте, зиян көрушілерден боламыз», деді

Choose other languages: