Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Araf Ayahs #138 Translated in Kazakh

وَلَمَّا وَقَعَ عَلَيْهِمُ الرِّجْزُ قَالُوا يَا مُوسَى ادْعُ لَنَا رَبَّكَ بِمَا عَهِدَ عِنْدَكَ ۖ لَئِنْ كَشَفْتَ عَنَّا الرِّجْزَ لَنُؤْمِنَنَّ لَكَ وَلَنُرْسِلَنَّ مَعَكَ بَنِي إِسْرَائِيلَ
Олар өздеріне азап түскен кезде: «Ей, Мұса! Өзіңе берген уәдесі бойынша, Раббыңнан біз үшін тіле. Егер бізден азапты кетірсең, саған сенеміз және Исраил ұрпақтарын сенімен бірге жібереміз», деді
فَلَمَّا كَشَفْنَا عَنْهُمُ الرِّجْزَ إِلَىٰ أَجَلٍ هُمْ بَالِغُوهُ إِذَا هُمْ يَنْكُثُونَ
Ал сонда олардан азапты олар жететін бір мерзімге дейін кетірген кезімізде, олар уәдені бұзып отырды
فَانْتَقَمْنَا مِنْهُمْ فَأَغْرَقْنَاهُمْ فِي الْيَمِّ بِأَنَّهُمْ كَذَّبُوا بِآيَاتِنَا وَكَانُوا عَنْهَا غَافِلِينَ
Міне, сонда белгілерімізді өтірік санағандары және оған немқұрайлы болғандары үшін олардан кек алып теңізге батырдық
وَأَوْرَثْنَا الْقَوْمَ الَّذِينَ كَانُوا يُسْتَضْعَفُونَ مَشَارِقَ الْأَرْضِ وَمَغَارِبَهَا الَّتِي بَارَكْنَا فِيهَا ۖ وَتَمَّتْ كَلِمَتُ رَبِّكَ الْحُسْنَىٰ عَلَىٰ بَنِي إِسْرَائِيلَ بِمَا صَبَرُوا ۖ وَدَمَّرْنَا مَا كَانَ يَصْنَعُ فِرْعَوْنُ وَقَوْمُهُ وَمَا كَانُوا يَعْرِشُونَ
Әлсіз саналған езілген елді Өзіміз берекелі еткен жердің шығыс жақтары мен батыс жақтарына мұрагер еттік. Исраил ұрпақтарына, сабырлық қылғандары үшін Раббыңның берген игі сөзі орындалды. Сөйтіп, Біз Фиръаун және оның елінің жасағандарын және олардың тұрғызғандарын қираттық
وَجَاوَزْنَا بِبَنِي إِسْرَائِيلَ الْبَحْرَ فَأَتَوْا عَلَىٰ قَوْمٍ يَعْكُفُونَ عَلَىٰ أَصْنَامٍ لَهُمْ ۚ قَالُوا يَا مُوسَى اجْعَلْ لَنَا إِلَٰهًا كَمَا لَهُمْ آلِهَةٌ ۚ قَالَ إِنَّكُمْ قَوْمٌ تَجْهَلُونَ
Біз Исраил ұрпақтарын теңізден алып өттік. Сонда олар пұттарына табынып жатқан бір елге келді. Исраилдықтар : «Ей, Мұса! Мыналардың құдайлары сияқты, бізге де бір құдай жасап бер», деді. Мұса : «Негізінде, сендер білмейтін надан ел екенсіңдер

Choose other languages: