Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Araf Ayahs #127 Translated in Kazakh

قَالَ فِرْعَوْنُ آمَنْتُمْ بِهِ قَبْلَ أَنْ آذَنَ لَكُمْ ۖ إِنَّ هَٰذَا لَمَكْرٌ مَكَرْتُمُوهُ فِي الْمَدِينَةِ لِتُخْرِجُوا مِنْهَا أَهْلَهَا ۖ فَسَوْفَ تَعْلَمُونَ
Фиръаун: «Сендер оған менің рұқсатымсыз сендіңдер ме? Негізінде, бұл осы қаладан оның тұрғындарын шығару үшін ойластырған, сендердің бір құлықтарың. Жақында білесіңдер
لَأُقَطِّعَنَّ أَيْدِيَكُمْ وَأَرْجُلَكُمْ مِنْ خِلَافٍ ثُمَّ لَأُصَلِّبَنَّكُمْ أَجْمَعِينَ
«Мен сендердің қолдарың мен аяқтарыңды айқыштап оң қол сол аяқ,сол қол оң аяқ кесемін, содан кейін бәріңді керіп тастаймын», деді
قَالُوا إِنَّا إِلَىٰ رَبِّنَا مُنْقَلِبُونَ
Сиқыршылар : «Ақиқатында, біз Раббымызға қайтушымыз
وَمَا تَنْقِمُ مِنَّا إِلَّا أَنْ آمَنَّا بِآيَاتِ رَبِّنَا لَمَّا جَاءَتْنَا ۚ رَبَّنَا أَفْرِغْ عَلَيْنَا صَبْرًا وَتَوَفَّنَا مُسْلِمِينَ
Сен бізден Раббымыздың белгілері келген кезде, оған сенгеніміз үшін ғана өш алып отырсың. Раббымыз! Бізге сабыр түсір әрі бізді жанымызды Мұсылман бойсұнушы күйімізде ал», деді
وَقَالَ الْمَلَأُ مِنْ قَوْمِ فِرْعَوْنَ أَتَذَرُ مُوسَىٰ وَقَوْمَهُ لِيُفْسِدُوا فِي الْأَرْضِ وَيَذَرَكَ وَآلِهَتَكَ ۚ قَالَ سَنُقَتِّلُ أَبْنَاءَهُمْ وَنَسْتَحْيِي نِسَاءَهُمْ وَإِنَّا فَوْقَهُمْ قَاهِرُونَ
Фиръаун елінің бектері: «СенМұсаны және оның елін жер бетінде бұзу-бүлдірушілік істеулері үшін, әрі сені және сенің құдайларыңды тастауы үшін қоя бересің бе?» деді. Фиръаун : «Біз олардың ұл балаларын өлтіріп отырамыз да әйелдерін тірі қалдырамыз. Әрі, ақиқатында, біз олардан үстембіз», деді

Choose other languages: