Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Araf Ayahs #14 Translated in Kazakh

وَلَقَدْ مَكَّنَّاكُمْ فِي الْأَرْضِ وَجَعَلْنَا لَكُمْ فِيهَا مَعَايِشَ ۗ قَلِيلًا مَا تَشْكُرُونَ
Ақиқатында, Біз сендерді жерде орнықтырдық. Әрі өздеріңе онда тіршілікке қажетті нәрселерді жасадық. Сендер аз шүкір етесіңдер Аллаһтың берген игіліктеріне аз алғыс білдіресіңдер
وَلَقَدْ خَلَقْنَاكُمْ ثُمَّ صَوَّرْنَاكُمْ ثُمَّ قُلْنَا لِلْمَلَائِكَةِ اسْجُدُوا لِآدَمَ فَسَجَدُوا إِلَّا إِبْلِيسَ لَمْ يَكُنْ مِنَ السَّاجِدِينَ
Біз сендерді жараттық, одан соң сендерге кескін-келбет бердік. Содан кейін періштелерге «Адамға сәжде етіңдер!» дедік. Сонда олар сәжде етті. Тек, жыннан болған Ібіліс сәжде етушілерден болмады
قَالَ مَا مَنَعَكَ أَلَّا تَسْجُدَ إِذْ أَمَرْتُكَ ۖ قَالَ أَنَا خَيْرٌ مِنْهُ خَلَقْتَنِي مِنْ نَارٍ وَخَلَقْتَهُ مِنْ طِينٍ
Аллаһ айтты: «Мен бұйырғанымда, сәжде етуге саған не кедергі болды?» деп. Ібіліс «Мен одан қайырлымын артықпын, пайдалымын . Сен мені оттан жараттың, ал оны лайдан жараттың», деді
قَالَ فَاهْبِطْ مِنْهَا فَمَا يَكُونُ لَكَ أَنْ تَتَكَبَّرَ فِيهَا فَاخْرُجْ إِنَّكَ مِنَ الصَّاغِرِينَ
Аллаһ айтты: «Одан түс. Сенің мұнда өзіңді жоғары санап, менменсуіңе орын жоқ. Шық! Сен қор етілгендерденсің», деді
قَالَ أَنْظِرْنِي إِلَىٰ يَوْمِ يُبْعَثُونَ
Ол :«Маған олар қайта тірілетін күнге дейін мерзім бер», деді

Choose other languages: