Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Ankabut Ayahs #67 Translated in Kazakh

وَلَئِنْ سَأَلْتَهُمْ مَنْ نَزَّلَ مِنَ السَّمَاءِ مَاءً فَأَحْيَا بِهِ الْأَرْضَ مِنْ بَعْدِ مَوْتِهَا لَيَقُولُنَّ اللَّهُ ۚ قُلِ الْحَمْدُ لِلَّهِ ۚ بَلْ أَكْثَرُهُمْ لَا يَعْقِلُونَ
Егер олардан: «Аспаннан су түсіріп, ол арқылы тіршіліксіз қалған өлген жерді тірілткен кім?» деп сұрасаң: «Аллаһ»,- дейді. Сен: «Барлық мақтау Аллаһқа», де. Алайда олардың көпшілігі ақылдарын істетіп ұғынбайды
وَمَا هَٰذِهِ الْحَيَاةُ الدُّنْيَا إِلَّا لَهْوٌ وَلَعِبٌ ۚ وَإِنَّ الدَّارَ الْآخِرَةَ لَهِيَ الْحَيَوَانُ ۚ لَوْ كَانُوا يَعْلَمُونَ
Әрі бұл өмір тек бос ермек және ойыннан басқа ешнәрсе емес. Егер де олар білетін болса, анығында, соңғы, мәңгілік өмір ақирет тұрағы шын, нағыз өмір
فَإِذَا رَكِبُوا فِي الْفُلْكِ دَعَوُا اللَّهَ مُخْلِصِينَ لَهُ الدِّينَ فَلَمَّا نَجَّاهُمْ إِلَى الْبَرِّ إِذَا هُمْ يُشْرِكُونَ
Ал, қашан олар кемеге мінгендерінде дінін құлшылықтарын шын ықыласпен серік қосу, риядан тазартып тек Оған арнаған күйде Аллаһқа дұға етеді Одан тілеп, жалбарынады . Ал, оларды құрлыққа шығарып құтқарған соң, олар Оғанөзгелерді серік етіп қосады
لِيَكْفُرُوا بِمَا آتَيْنَاهُمْ وَلِيَتَمَتَّعُوا ۖ فَسَوْفَ يَعْلَمُونَ
Олар өздеріне бергендерімізге күпірлік ете игіліктерімізді теріске шығара тұрсын әрі пайдалансын. Жақында олар біледі
أَوَلَمْ يَرَوْا أَنَّا جَعَلْنَا حَرَمًا آمِنًا وَيُتَخَطَّفُ النَّاسُ مِنْ حَوْلِهِمْ ۚ أَفَبِالْبَاطِلِ يُؤْمِنُونَ وَبِنِعْمَةِ اللَّهِ يَكْفُرُونَ
Олар Мекке мүшріктері маңайларындағы адамдардың ұсталып, таланып жатқанында, Біз Меккені/ қасиетті әрі қауіпсіз еткенімізді көрмеді ме? Сонда олар жалғанға сеніп, Аллаһтың игілігін теріске шығара ма

Choose other languages: