Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Ankabut Ayahs #57 Translated in Kazakh

وَيَسْتَعْجِلُونَكَ بِالْعَذَابِ ۚ وَلَوْلَا أَجَلٌ مُسَمًّى لَجَاءَهُمُ الْعَذَابُ وَلَيَأْتِيَنَّهُمْ بَغْتَةً وَهُمْ لَا يَشْعُرُونَ
Олар сенен азапты тездетуді талап етеді. Егер белгіленген мерзім болмағанда, оларға азап міндетті түрде келген болар еді. Негізінде ол оларға күмәнсіз, кенеттен келіп, олар оны сезбей де қалады
يَسْتَعْجِلُونَكَ بِالْعَذَابِ وَإِنَّ جَهَنَّمَ لَمُحِيطَةٌ بِالْكَافِرِينَ
Олар сенен азапты тездетуді талап етеді. Күдіксіз, Жаһаннам кәпірлерді міндетті түрде қоршап алушы
يَوْمَ يَغْشَاهُمُ الْعَذَابُ مِنْ فَوْقِهِمْ وَمِنْ تَحْتِ أَرْجُلِهِمْ وَيَقُولُ ذُوقُوا مَا كُنْتُمْ تَعْمَلُونَ
Сол Қайта тірілу күні азап оларды үстерінен және аяқтарының астынан орап алады. Аллаһ Оларға : «Істеген амалдарыңның дәмін татыңдар», дейді
يَا عِبَادِيَ الَّذِينَ آمَنُوا إِنَّ أَرْضِي وَاسِعَةٌ فَإِيَّايَ فَاعْبُدُونِ
Ей, иманға келген құлдарым! Ақиқатында Менің жерім кең, Маған ғана құлшылық етіңдер
كُلُّ نَفْسٍ ذَائِقَةُ الْمَوْتِ ۖ ثُمَّ إِلَيْنَا تُرْجَعُونَ
Әрбір жан өлімді татады. Содан кейін сендер Бізге қайтарыласыңдар

Choose other languages: