Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Ankabut Ayahs #21 Translated in Kazakh

إِنَّمَا تَعْبُدُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ أَوْثَانًا وَتَخْلُقُونَ إِفْكًا ۚ إِنَّ الَّذِينَ تَعْبُدُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ لَا يَمْلِكُونَ لَكُمْ رِزْقًا فَابْتَغُوا عِنْدَ اللَّهِ الرِّزْقَ وَاعْبُدُوهُ وَاشْكُرُوا لَهُ ۖ إِلَيْهِ تُرْجَعُونَ
Анығында, сендер Аллаһтың орнына, пұттарға табынасыңдар әрі оларды құдай деп ойдан І өтірікті құрастырасыңдар. Негізінде, сендердің Аллаһтың орнына табынғандарың сендерге ризық беруге шамасыз. Ризықты Аллаһтан іздеңдер, Оған ғана құлшылық етіңдер және шүкір етіңдер Оның берген игіліктеріне алғыс білдіріңдер . Сендер Оған қайтарыласыңдар»,- деді
وَإِنْ تُكَذِّبُوا فَقَدْ كَذَّبَ أُمَمٌ مِنْ قَبْلِكُمْ ۖ وَمَا عَلَى الرَّسُولِ إِلَّا الْبَلَاغُ الْمُبِينُ
Егер сендер мұны өтірікке шығарсаңдар, сендерден бұрынғы үмметтер де өтірікке шығарған. Ал, Елшіге анық түрде жеткізу ғана жүктелген
أَوَلَمْ يَرَوْا كَيْفَ يُبْدِئُ اللَّهُ الْخَلْقَ ثُمَّ يُعِيدُهُ ۚ إِنَّ ذَٰلِكَ عَلَى اللَّهِ يَسِيرٌ
Олар Аллаһтың жоқтан бар етіп! жаратуын, кейін оны жаратуды қайталайтынын көрмеді ме? Анығында, бұл Аллаһ үшін өте жеңіл
قُلْ سِيرُوا فِي الْأَرْضِ فَانْظُرُوا كَيْفَ بَدَأَ الْخَلْقَ ۚ ثُمَّ اللَّهُ يُنْشِئُ النَّشْأَةَ الْآخِرَةَ ۚ إِنَّ اللَّهَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Жер бетін аралап, Оның жаратылысты қалай бастағанына назар салыңдар. Ал кейін, Аллаһ соңғы жаратуды жасайды Қияметте қайта тірілтеді . Ақиқатында, Аллаһ барлық нәрсені Жасай алушы
يُعَذِّبُ مَنْ يَشَاءُ وَيَرْحَمُ مَنْ يَشَاءُ ۖ وَإِلَيْهِ تُقْلَبُونَ
Ол қалағанын азаптайды және қалағанына рахым етеді. Әрі сендер Оған қайтарыласыңдар

Choose other languages: