Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anfal Ayahs #49 Translated in Kazakh

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِذَا لَقِيتُمْ فِئَةً فَاثْبُتُوا وَاذْكُرُوا اللَّهَ كَثِيرًا لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ
Ей, иманға келгендер! Қашан бір қарсы топпен бетпе-бет келсеңдер, мақсатқа жету үшін берік болыңдар да Аллаһты көп еске алыңдар
وَأَطِيعُوا اللَّهَ وَرَسُولَهُ وَلَا تَنَازَعُوا فَتَفْشَلُوا وَتَذْهَبَ رِيحُكُمْ ۖ وَاصْبِرُوا ۚ إِنَّ اللَّهَ مَعَ الصَّابِرِينَ
Әрі Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұныңдар және өзара тартыспаңдар. Олай болса рухтарың түсіп, күш-қуаттарың кетіп қалады тастап кетеді . Сабыр етіңдер! Ақиқатында, Аллаһ сабыр етушілермен бірге
وَلَا تَكُونُوا كَالَّذِينَ خَرَجُوا مِنْ دِيَارِهِمْ بَطَرًا وَرِئَاءَ النَّاسِ وَيَصُدُّونَ عَنْ سَبِيلِ اللَّهِ ۚ وَاللَّهُ بِمَا يَعْمَلُونَ مُحِيطٌ
Үйлерінен менменсінген түрде және адамдар көруі үшін шығып, Аллаһтың жолынан тосатындар секілді болмаңдар! Аллаһ олардың не істеп жатқандарын толық Қамтушы
وَإِذْ زَيَّنَ لَهُمُ الشَّيْطَانُ أَعْمَالَهُمْ وَقَالَ لَا غَالِبَ لَكُمُ الْيَوْمَ مِنَ النَّاسِ وَإِنِّي جَارٌ لَكُمْ ۖ فَلَمَّا تَرَاءَتِ الْفِئَتَانِ نَكَصَ عَلَىٰ عَقِبَيْهِ وَقَالَ إِنِّي بَرِيءٌ مِنْكُمْ إِنِّي أَرَىٰ مَا لَا تَرَوْنَ إِنِّي أَخَافُ اللَّهَ ۚ وَاللَّهُ شَدِيدُ الْعِقَابِ
Сол кезде шайтан оларға мүшріктерге : «Бүгін адамдардың ішінде сендерден үстем келуші жоқ. Шын мәнінде, мен сендер жақта боламын», деп істерін көрікті етіп көрсетті. Екі топ бірін-бірі көрген кезде, шайтан теріс айналып: «Менің сендерге мүлдем қатысым жоқ. Мен сендер көрмейтінді көремін. Ақиқатында, мен Аллаһтан қорқамын. Аллаһ жаза беруде қатты», деді
إِذْ يَقُولُ الْمُنَافِقُونَ وَالَّذِينَ فِي قُلُوبِهِمْ مَرَضٌ غَرَّ هَٰؤُلَاءِ دِينُهُمْ ۗ وَمَنْ يَتَوَكَّلْ عَلَى اللَّهِ فَإِنَّ اللَّهَ عَزِيزٌ حَكِيمٌ
Сол уақытта мұнафиқтар және жүректерінде дерті барлар иманы әлсіздер : «Оларды діндері алдап қойды», деді. Негізінде, кім Аллаһқа жүгініп, Оған өзін тапсырса тәуекел етсе , ақиқатында, Аллаһ бәрінен Үстем, аса Дана

Choose other languages: