Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anfal Ayahs #6 Translated in Kazakh

8:2
إِنَّمَا الْمُؤْمِنُونَ الَّذِينَ إِذَا ذُكِرَ اللَّهُ وَجِلَتْ قُلُوبُهُمْ وَإِذَا تُلِيَتْ عَلَيْهِمْ آيَاتُهُ زَادَتْهُمْ إِيمَانًا وَعَلَىٰ رَبِّهِمْ يَتَوَكَّلُونَ
Шын мәнінде, имандылар мүміндер олар Аллаһ еске алынған кезде, жүректері Раббысының жазасынан қорқып діріл қағатындар, және Оның аяттары оқылғанда, ол аяттар оларда иманды арттырады әрі олар Раббысына жүгініп, Оған істерін тапсыратындар тәуекел ететіндер
8:3
الَّذِينَ يُقِيمُونَ الصَّلَاةَ وَمِمَّا رَزَقْنَاهُمْ يُنْفِقُونَ
Солар намазды барлық шарттарын сақтап, беріле толық орындайтындар және Біз ризық етіп бергендерден тиісті орынға жұмсайтындар
8:4
أُولَٰئِكَ هُمُ الْمُؤْمِنُونَ حَقًّا ۚ لَهُمْ دَرَجَاتٌ عِنْدَ رَبِّهِمْ وَمَغْفِرَةٌ وَرِزْقٌ كَرِيمٌ
Міне, солар шын имандылар мүміндер . Олар үшін олардың Раббысының алдын­да дәрежелер, кешірім және кең ризық бар
8:5
كَمَا أَخْرَجَكَ رَبُّكَ مِنْ بَيْتِكَ بِالْحَقِّ وَإِنَّ فَرِيقًا مِنَ الْمُؤْمِنِينَ لَكَارِهُونَ
Ей, Мұхаммед! Раббың сені үйіңнен ақиқатпен шығарғанда, имандылардың мүміндердің бір тобы мұны қаламаған еді
8:6
يُجَادِلُونَكَ فِي الْحَقِّ بَعْدَمَا تَبَيَّنَ كَأَنَّمَا يُسَاقُونَ إِلَى الْمَوْتِ وَهُمْ يَنْظُرُونَ
Олар сенімен ақиқат анықталғаннан кейін де ол жөнінде тартысқан еді, бейне бір өлімге айдалып бара жатқанын көріп тұрғандай

Choose other languages: