Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anbiya Ayahs #49 Translated in Kazakh

قُلْ إِنَّمَا أُنْذِرُكُمْ بِالْوَحْيِ ۚ وَلَا يَسْمَعُ الصُّمُّ الدُّعَاءَ إِذَا مَا يُنْذَرُونَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Анығында мен сендерді уахимен ғана ескертемін», деп. Кереңдер ескертіліп жатқан кезде шақыруды үгіт-ескертуді естімейді
وَلَئِنْ مَسَّتْهُمْ نَفْحَةٌ مِنْ عَذَابِ رَبِّكَ لَيَقُولُنَّ يَا وَيْلَنَا إِنَّا كُنَّا ظَالِمِينَ
Егер Оларға Раббыңның азабынан бір титтейі ғана тисе, олар: «Сорымыз құрысын! Шын мәнінде біз әділетсіз болдық», дейді
وَنَضَعُ الْمَوَازِينَ الْقِسْطَ لِيَوْمِ الْقِيَامَةِ فَلَا تُظْلَمُ نَفْسٌ شَيْئًا ۖ وَإِنْ كَانَ مِثْقَالَ حَبَّةٍ مِنْ خَرْدَلٍ أَتَيْنَا بِهَا ۗ وَكَفَىٰ بِنَا حَاسِبِينَ
Әрі Біз Қайта тірілу күні үшін әділ таразыларды орнатамыз. Сонда бірде-бір жанға ешбір нәрседе әділетсіздік етілмейді. Тіпті қыша дәнінің салмағындай бір нәрсе болса, оны да әкелеміз. Біз есептеуде жеткіліктіміз
وَلَقَدْ آتَيْنَا مُوسَىٰ وَهَارُونَ الْفُرْقَانَ وَضِيَاءً وَذِكْرًا لِلْمُتَّقِينَ
Әрі Біз Мұса мен Һарұнға тақуалар Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар үшін фұрқанды (ақиқат пен жалғанды ажыратушы, яғни бұл жерде Тәурат), нұрды және еске салатынды бердік
الَّذِينَ يَخْشَوْنَ رَبَّهُمْ بِالْغَيْبِ وَهُمْ مِنَ السَّاعَةِ مُشْفِقُونَ
Олар тақуалар өздерінің Раббысын көрмей-ақ Одан қорқады әрі олар Сағаттан Есеп күнінен зәресіұшып тұрады

Choose other languages: