Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anbiya Ayahs #37 Translated in Kazakh

وَهُوَ الَّذِي خَلَقَ اللَّيْلَ وَالنَّهَارَ وَالشَّمْسَ وَالْقَمَرَ ۖ كُلٌّ فِي فَلَكٍ يَسْبَحُونَ
Әрі Ол Аллаһ сондай түн мен күндізді және күн мен айды жаратты. Әрбірі өз жолымен орбитасымен жүзіп жүреді
وَمَا جَعَلْنَا لِبَشَرٍ مِنْ قَبْلِكَ الْخُلْدَ ۖ أَفَإِنْ مِتَّ فَهُمُ الْخَالِدُونَ
Ей, Мұхаммед! Біз сенен бұрын да адамдардың ешқайсысына мәңгілікті мәңгі өмірді бермедік. Сен өлсең, олар мәңгі қала ма
كُلُّ نَفْسٍ ذَائِقَةُ الْمَوْتِ ۗ وَنَبْلُوكُمْ بِالشَّرِّ وَالْخَيْرِ فِتْنَةً ۖ وَإِلَيْنَا تُرْجَعُونَ
Әрбір жан өлімді татушы. Біз сендерден емтихан алу үшін өздеріңді жамандықпен және жақсылықпен сынаймыз. Әрі Бізге қайтарыласыңдар
وَإِذَا رَآكَ الَّذِينَ كَفَرُوا إِنْ يَتَّخِذُونَكَ إِلَّا هُزُوًا أَهَٰذَا الَّذِي يَذْكُرُ آلِهَتَكُمْ وَهُمْ بِذِكْرِ الرَّحْمَٰنِ هُمْ كَافِرُونَ
Ал, сондай күпірлік етушілер Аллаһқа серік қосушылар сені көрген кезде, келеке етіп: «құдайларыңды сөз қылып жүрген мынау ма?» дейді. Әрі өздері әр-Рахманның аса Қайырымдының еске салуын Құранды теріске шығарады
خُلِقَ الْإِنْسَانُ مِنْ عَجَلٍ ۚ سَأُرِيكُمْ آيَاتِي فَلَا تَسْتَعْجِلُونِ
Адам баласы асыққыш болып жаратылған. Жақында сендерге белгілерімді көрсетемін. Мені асықтырмаңдар

Choose other languages: