Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Ahzab Ayahs #52 Translated in Kazakh

وَلَا تُطِعِ الْكَافِرِينَ وَالْمُنَافِقِينَ وَدَعْ أَذَاهُمْ وَتَوَكَّلْ عَلَى اللَّهِ ۚ وَكَفَىٰ بِاللَّهِ وَكِيلًا
Кәпірлерге және мұнафиқтарға бағынба және олардың тигізген зәбірлерін елеме, әрі Аллаһқа жүгініп, ісіңді Оған тапсыр тәуекел ет . Аллаһ сенім артылушы, қорғаушы Уакил ретінде жеткілікті
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِذَا نَكَحْتُمُ الْمُؤْمِنَاتِ ثُمَّ طَلَّقْتُمُوهُنَّ مِنْ قَبْلِ أَنْ تَمَسُّوهُنَّ فَمَا لَكُمْ عَلَيْهِنَّ مِنْ عِدَّةٍ تَعْتَدُّونَهَا ۖ فَمَتِّعُوهُنَّ وَسَرِّحُوهُنَّ سَرَاحًا جَمِيلًا
Ей, иманға келгендер! Сендер иманды әйелдерді некелеріңе алып, кейін Оларға қосылмай тұрып талақ берсеңдер, сендер үшін олардың міндетінде өздерің есептейтін ешқандай идда күту мерзімі жоқ. Оларға біраз дүние беріңдер де көркем түрде жіберіңдер
يَا أَيُّهَا النَّبِيُّ إِنَّا أَحْلَلْنَا لَكَ أَزْوَاجَكَ اللَّاتِي آتَيْتَ أُجُورَهُنَّ وَمَا مَلَكَتْ يَمِينُكَ مِمَّا أَفَاءَ اللَّهُ عَلَيْكَ وَبَنَاتِ عَمِّكَ وَبَنَاتِ عَمَّاتِكَ وَبَنَاتِ خَالِكَ وَبَنَاتِ خَالَاتِكَ اللَّاتِي هَاجَرْنَ مَعَكَ وَامْرَأَةً مُؤْمِنَةً إِنْ وَهَبَتْ نَفْسَهَا لِلنَّبِيِّ إِنْ أَرَادَ النَّبِيُّ أَنْ يَسْتَنْكِحَهَا خَالِصَةً لَكَ مِنْ دُونِ الْمُؤْمِنِينَ ۗ قَدْ عَلِمْنَا مَا فَرَضْنَا عَلَيْهِمْ فِي أَزْوَاجِهِمْ وَمَا مَلَكَتْ أَيْمَانُهُمْ لِكَيْلَا يَكُونَ عَلَيْكَ حَرَجٌ ۗ وَكَانَ اللَّهُ غَفُورًا رَحِيمًا
Ей, Пайғамбар! Біз сен үшін мәһрлерін берген жұбайларыңды, Аллаһ саған тарту етіп берген қол астындағы күңдеріңді әрі сенімен бірге қоныс аударғанәкеңнің аға-інілерінің қыздарын, әкеңнің әпке-қарындастарының қыздарын, анаңның аға-інілерінің қыздарын, анаңның әпке-сіңлілерінің қыздарын әйелдікке алуды рұқсат еттік. Сондай-ақ өзін Пайғамбарға мәһрсіз тарту еткен, иманды әйелді де, егер, пайғамбар оған үйленгісі келсе рұқсат еттік . Алайда бұл барлық имандыларға емес, тек саған ғана қатысты. Біз оларға иманға келгендерге әйелдеріне және қол астарындағы күңдеріне қатысты нені парыз еткенімізді білеміз. Бұл саған ешбір жайсыздықтың болмауы үшін рұқсат етілді . Аллаһ өте Кешірімді , ерекше Мейірімді
تُرْجِي مَنْ تَشَاءُ مِنْهُنَّ وَتُؤْوِي إِلَيْكَ مَنْ تَشَاءُ ۖ وَمَنِ ابْتَغَيْتَ مِمَّنْ عَزَلْتَ فَلَا جُنَاحَ عَلَيْكَ ۚ ذَٰلِكَ أَدْنَىٰ أَنْ تَقَرَّ أَعْيُنُهُنَّ وَلَا يَحْزَنَّ وَيَرْضَيْنَ بِمَا آتَيْتَهُنَّ كُلُّهُنَّ ۚ وَاللَّهُ يَعْلَمُ مَا فِي قُلُوبِكُمْ ۚ وَكَانَ اللَّهُ عَلِيمًا حَلِيمًا
Сен жұбайларыңнан қалағаныңды кейінге қалдырып әрі өзің қалағанды жаныңа ала аласың. Кейін қалдырғандарыңнан кімді қаласаң да саған күнә жоқ. Бұл олардың көзайым болуына, қамықпауларына және барлығының да сенің тарту еткендеріңе риза болуларына ең жақыны. Аллаһ сендердің жүректеріңдегіні біледі. Аллаһ бәрін Білуші ’Алим , аса Ұстамды, Жұмсақ Халим
لَا يَحِلُّ لَكَ النِّسَاءُ مِنْ بَعْدُ وَلَا أَنْ تَبَدَّلَ بِهِنَّ مِنْ أَزْوَاجٍ وَلَوْ أَعْجَبَكَ حُسْنُهُنَّ إِلَّا مَا مَلَكَتْ يَمِينُكَ ۗ وَكَانَ اللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ رَقِيبًا
Бұдан кейін саған басқа әйелдерге үйлену және сұлулықтары таң қалдырса да оларды жұбайларыңның бірімен ауыстыруға біріне талақ беріп, орнына басқасын алуға рұқсат жоқ. Бірақ қол астыңдағы күңдерің бұдан тыс. Аллаһ барлық нәрсені Бақылаушы

Choose other languages: