Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Ahzab Ayahs #17 Translated in Kazakh

وَإِذْ قَالَتْ طَائِفَةٌ مِنْهُمْ يَا أَهْلَ يَثْرِبَ لَا مُقَامَ لَكُمْ فَارْجِعُوا ۚ وَيَسْتَأْذِنُ فَرِيقٌ مِنْهُمُ النَّبِيَّ يَقُولُونَ إِنَّ بُيُوتَنَا عَوْرَةٌ وَمَا هِيَ بِعَوْرَةٍ ۖ إِنْ يُرِيدُونَ إِلَّا فِرَارًا
Сол кезде олардың бір тобы мұнафиқтар : «Ей, Ясриб тұрғындары! Сендер қарсы тұра алмайсыңдар! Сондықтан қайтыңдар!» деді. Олардың тағы бір тобы иманы әлсіздері : «Үйлеріміз ашық, қорғансыз қалды», деп, Пайғамбардан сұрануда еді. Негізінде үйлері қараусыз қалмаса да олар соғыстан қашуды ғана қалады
وَلَوْ دُخِلَتْ عَلَيْهِمْ مِنْ أَقْطَارِهَا ثُمَّ سُئِلُوا الْفِتْنَةَ لَآتَوْهَا وَمَا تَلَبَّثُوا بِهَا إِلَّا يَسِيرًا
Ал егер жау оған жан-жағынан кіріп, сонан соң олардан бүлік діндерінен қайту талап етілсе, олар сәл кідіргені болмаса, көп бөгелмей оған барар келісер еді
وَلَقَدْ كَانُوا عَاهَدُوا اللَّهَ مِنْ قَبْلُ لَا يُوَلُّونَ الْأَدْبَارَ ۚ وَكَانَ عَهْدُ اللَّهِ مَسْئُولًا
Негізінде, олар бұрын арттарына бұрылып кетпеуге қашпауға Аллаһқа серт берген еді. Ал, Аллаһқа берілген серт сұралады
قُلْ لَنْ يَنْفَعَكُمُ الْفِرَارُ إِنْ فَرَرْتُمْ مِنَ الْمَوْتِ أَوِ الْقَتْلِ وَإِذًا لَا تُمَتَّعُونَ إِلَّا قَلِيلًا
Ей, Мұхаммед И Айт: «Егер өлімнен не біреудің өлтіруінен қашсаңдар да, қашу сендерге еш пайда бермейді. Ондай жағдайда сендерге аз ғана пайдалану беріледі», -деп
قُلْ مَنْ ذَا الَّذِي يَعْصِمُكُمْ مِنَ اللَّهِ إِنْ أَرَادَ بِكُمْ سُوءًا أَوْ أَرَادَ بِكُمْ رَحْمَةً ۚ وَلَا يَجِدُونَ لَهُمْ مِنْ دُونِ اللَّهِ وَلِيًّا وَلَا نَصِيرًا
Айт: «Егер Аллаһ сендерге жамандық қаласа, сендерді Аллаһтан кім қорғайды немесе егер Ол мейірім етуді қаласа кім тоса алады », деп. Олар өздеріне Аллаһтан басқа қамқоршы да, көмек беруші де таппайды

Choose other languages: