Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Ahqaf Ayahs #26 Translated in Kazakh

قَالُوا أَجِئْتَنَا لِتَأْفِكَنَا عَنْ آلِهَتِنَا فَأْتِنَا بِمَا تَعِدُنَا إِنْ كُنْتَ مِنَ الصَّادِقِينَ
Олар: «Сен бізді өз құдайларымыздан қайтару үшін келдің бе? Егер шын сөзділерден болсаң, бізге қорқытқан нәрсеңді келтір», деді
قَالَ إِنَّمَا الْعِلْمُ عِنْدَ اللَّهِ وَأُبَلِّغُكُمْ مَا أُرْسِلْتُ بِهِ وَلَٰكِنِّي أَرَاكُمْ قَوْمًا تَجْهَلُونَ
Ол: «Шын мәнінде, білім бір Аллаһта. Ал, мен сендерге өзіммен жіберілгенді ғана жеткіземін. Дегенмен, мен сендердің түсінбейтін надан ел екендіктеріңді көріп тұрмын», деді
فَلَمَّا رَأَوْهُ عَارِضًا مُسْتَقْبِلَ أَوْدِيَتِهِمْ قَالُوا هَٰذَا عَارِضٌ مُمْطِرُنَا ۚ بَلْ هُوَ مَا اسْتَعْجَلْتُمْ بِهِ ۖ رِيحٌ فِيهَا عَذَابٌ أَلِيمٌ
Олар оны жазаны алқаптарына қарай бұлт секілді жайылып келе жатқанын көрген кезде: «Мына бұлт бізге жаңбыр әкеледі», деді. «Олай емес! Ол өздерің тез болуын сұрағандарың ішінде күйзелтуші азабы бар жел
تُدَمِّرُ كُلَّ شَيْءٍ بِأَمْرِ رَبِّهَا فَأَصْبَحُوا لَا يُرَىٰ إِلَّا مَسَاكِنُهُمْ ۚ كَذَٰلِكَ نَجْزِي الْقَوْمَ الْمُجْرِمِينَ
Ол Раббысының әмірі бойынша әрбір нәрсені қиратады!» Ал, таңертең олардың тұрақ жайларынан басқа ешнәрсе көрінбей қалды. Біз қылмыскер елдің қайтарым жазасын осылай береміз
وَلَقَدْ مَكَّنَّاهُمْ فِيمَا إِنْ مَكَّنَّاكُمْ فِيهِ وَجَعَلْنَا لَهُمْ سَمْعًا وَأَبْصَارًا وَأَفْئِدَةً فَمَا أَغْنَىٰ عَنْهُمْ سَمْعُهُمْ وَلَا أَبْصَارُهُمْ وَلَا أَفْئِدَتُهُمْ مِنْ شَيْءٍ إِذْ كَانُوا يَجْحَدُونَ بِآيَاتِ اللَّهِ وَحَاقَ بِهِمْ مَا كَانُوا بِهِ يَسْتَهْزِئُونَ
Біз Оларға сендерге бермеген күш-қуат мүмкіншілік бердік әрі оларға естуді, көруді және ақыл-ес жүректі бердік. Алайда олардың естулері, көрулері және ақыл-естері ешқандай пайда бермеді, себебі олар Аллаһтың белгі-дәлелдерін теріске шығарған еді. Сөйтіп олардың келеке еткендері өздерін орап алды

Choose other languages: