Surah Aal-E-Imran Ayahs #93 Translated in Kazakh
إِلَّا الَّذِينَ تَابُوا مِنْ بَعْدِ ذَٰلِكَ وَأَصْلَحُوا فَإِنَّ اللَّهَ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Тек, осыдан кейін істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтқандар тәубеге келгендер және түзеткендер бұған кірмейді. Анығында, Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
إِنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا بَعْدَ إِيمَانِهِمْ ثُمَّ ازْدَادُوا كُفْرًا لَنْ تُقْبَلَ تَوْبَتُهُمْ وَأُولَٰئِكَ هُمُ الضَّالُّونَ
Негізінде иманға келгенінен кейін күпірлік еткен иманнан қайтқан , содан соң күпірліктерін қарсылықтарын арттыра түскендердің Аллаһқа бойсұнуға қайтуы тәубесі мүлдем қабыл етілмейді. Міне, солар нағыз адасушылар
إِنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا وَمَاتُوا وَهُمْ كُفَّارٌ فَلَنْ يُقْبَلَ مِنْ أَحَدِهِمْ مِلْءُ الْأَرْضِ ذَهَبًا وَلَوِ افْتَدَىٰ بِهِ ۗ أُولَٰئِكَ لَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ وَمَا لَهُمْ مِنْ نَاصِرِينَ
Ақиқатында, күпірлік етіп иманнан бас тартып , сөйтіп кәпір күйінде өлгендердің ешқайсысынан өзін құтқару үшін өтемге жер жүзі толған алтын берсе де қабыл етілмейді. Міне, соларға күйзелтуші азап бар. Әрі оларға бірде-бір жәрдемші жоқ
لَنْ تَنَالُوا الْبِرَّ حَتَّىٰ تُنْفِقُوا مِمَّا تُحِبُّونَ ۚ وَمَا تُنْفِقُوا مِنْ شَيْءٍ فَإِنَّ اللَّهَ بِهِ عَلِيمٌ
Сендер жақсы көрген нәрселеріңнен жұмсамайынша, игілікке жете алмайсыңдар. Әрі сендер не жұмсасаңдар да, Аллаһ оны Білуші
كُلُّ الطَّعَامِ كَانَ حِلًّا لِبَنِي إِسْرَائِيلَ إِلَّا مَا حَرَّمَ إِسْرَائِيلُ عَلَىٰ نَفْسِهِ مِنْ قَبْلِ أَنْ تُنَزَّلَ التَّوْرَاةُ ۗ قُلْ فَأْتُوا بِالتَّوْرَاةِ فَاتْلُوهَا إِنْ كُنْتُمْ صَادِقِينَ
Тәурат түсірілуден бұрын, Исраилдың Йаъқуб пайғамбардың өз-өзіне тыйым салғанынан басқа барлық тағам Исраил ұрпақтарына рұқсат етілген еді. Ей, Мұхаммед! Айт: «Егер шын сөзді болсаңдар, онда Тәуратты әкеліп, оны оқыңдар», деп
Choose other languages:

Albanian

Amharic

Azerbaijani

Bengali

Bosnian

Bulgarian

Burmese

Chinese

Danish

Dutch

English

Farsi

Filipino

French

Fulah

German

Gujarati

Hausa

Hindi

Indonesian

Italian

Japanese

Jawa

Kazakh

Khmer

Korean

Kurdish

Kyrgyz

Malay

Malayalam

Norwegian

Pashto

Persian

Polish

Portuguese

Punjabi

Russian

Sindhi

Sinhalese

Somali

Spanish

Swahili

Swedish

Tajik

Tamil

Tatar

Telugu

Thai

Turkish

Urdu

Uyghur

Uzbek

Vietnamese

Yoruba
