Quran Apps in many lanuages:

Surah Aal-E-Imran Ayahs #190 Translated in Kazakh

لَتُبْلَوُنَّ فِي أَمْوَالِكُمْ وَأَنْفُسِكُمْ وَلَتَسْمَعُنَّ مِنَ الَّذِينَ أُوتُوا الْكِتَابَ مِنْ قَبْلِكُمْ وَمِنَ الَّذِينَ أَشْرَكُوا أَذًى كَثِيرًا ۚ وَإِنْ تَصْبِرُوا وَتَتَّقُوا فَإِنَّ ذَٰلِكَ مِنْ عَزْمِ الْأُمُورِ
Сендер міндетті түрде мал-дүниелеріңмен және өздеріңмен сыналасыңдар әрі өздеріңнен бұрынғы Кітап берілгендер мен серік қосушылардан көп реніш естисіңдер. Егер сабыр етсеңдер және тақуалық қылсаңцар Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтансаңдар ақиқатында, бұл шешімді табандылықтанытатын істерден
وَإِذْ أَخَذَ اللَّهُ مِيثَاقَ الَّذِينَ أُوتُوا الْكِتَابَ لَتُبَيِّنُنَّهُ لِلنَّاسِ وَلَا تَكْتُمُونَهُ فَنَبَذُوهُ وَرَاءَ ظُهُورِهِمْ وَاشْتَرَوْا بِهِ ثَمَنًا قَلِيلًا ۖ فَبِئْسَ مَا يَشْتَرُونَ
Кезінде Аллаһ, Кітап берілгендерден: «Оны міндетті түрде адамдарға түсіндіресіңдер әрі жасырмайсыңдар», деп серт алды. Алайда, олар оны сертті арттарына тастап, орнына болмашы бағаны бұл дүниелікті сатып алды. Олардың сатып алғандары қандай жаман
لَا تَحْسَبَنَّ الَّذِينَ يَفْرَحُونَ بِمَا أَتَوْا وَيُحِبُّونَ أَنْ يُحْمَدُوا بِمَا لَمْ يَفْعَلُوا فَلَا تَحْسَبَنَّهُمْ بِمَفَازَةٍ مِنَ الْعَذَابِ ۖ وَلَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ
Ей, Мұхаммед! Істегендеріне мәз болып, істемегендері үшін өздеріне мақтау айтылуын ұнататындарды азаптан құтылады деп ойлама. Оларға күйзелтуші азап бар
وَلِلَّهِ مُلْكُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۗ وَاللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ
Аспандардың және жердің билігі Аллаһтікі. Аллаһ барлық нәрсені Жасай алушы
إِنَّ فِي خَلْقِ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَاخْتِلَافِ اللَّيْلِ وَالنَّهَارِ لَآيَاتٍ لِأُولِي الْأَلْبَابِ
Ақиқатында, аспандардың және жердің жаратылуында, түн мен күндіздің ауысуында ақыл иелері үшін белгілер бар

Choose other languages: