Quran Apps in many lanuages:

Surah Aal-E-Imran Ayahs #138 Translated in Kazakh

الَّذِينَ يُنْفِقُونَ فِي السَّرَّاءِ وَالضَّرَّاءِ وَالْكَاظِمِينَ الْغَيْظَ وَالْعَافِينَ عَنِ النَّاسِ ۗ وَاللَّهُ يُحِبُّ الْمُحْسِنِينَ
Солар тақуалар жеңілдікте де және қиындықта да Аллаһ разылығы үшін жұмсайтындар, ашуын ұстайтындар және адамдарды кешіретіндер. Аллаһ жақсылықты ықыласпен істеушілерді жақсы көреді
وَالَّذِينَ إِذَا فَعَلُوا فَاحِشَةً أَوْ ظَلَمُوا أَنْفُسَهُمْ ذَكَرُوا اللَّهَ فَاسْتَغْفَرُوا لِذُنُوبِهِمْ وَمَنْ يَغْفِرُ الذُّنُوبَ إِلَّا اللَّهُ وَلَمْ يُصِرُّوا عَلَىٰ مَا فَعَلُوا وَهُمْ يَعْلَمُونَ
Әрі олар жиіркенішті іс үлкен күнә жасаса немесе өздеріне әділетсіздік етсе, Аллаһты естеріне алып, күнәлары үшін кешірім тілейтіндер. күнәларды Аллаһтан басқа кім кешіреді? Әрі олар істегендерін қасарысып жалғастыра бермейді және олар біледі
أُولَٰئِكَ جَزَاؤُهُمْ مَغْفِرَةٌ مِنْ رَبِّهِمْ وَجَنَّاتٌ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ خَالِدِينَ فِيهَا ۚ وَنِعْمَ أَجْرُ الْعَامِلِينَ
Міне, солардың қайтарым сыйы олардың Раббысынан кешірім және астынан өзендер ағып жататын әрі олар онда мәңгі қалатын Жәннаттағы бақтар. Амал етушілердің сыйы қандай жақсы
قَدْ خَلَتْ مِنْ قَبْلِكُمْ سُنَنٌ فَسِيرُوا فِي الْأَرْضِ فَانْظُرُوا كَيْفَ كَانَ عَاقِبَةُ الْمُكَذِّبِينَ
Сендерден бұрын да түрлі жолдар жағдайлар өтті. Жер жүзін аралап, жалғанға шығарушылардың ақыры қандай болғанын қараңдар
هَٰذَا بَيَانٌ لِلنَّاسِ وَهُدًى وَمَوْعِظَةٌ لِلْمُتَّقِينَ
Бұл Құран адамдар үшін анық түсіндіру әрі тақуалар Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар үшін жолбасшы тура жолды ұстануға басшылық және насихат

Choose other languages: