Quran Apps in many lanuages:

Surah Aal-E-Imran Ayahs #140 Translated in Kazakh

أُولَٰئِكَ جَزَاؤُهُمْ مَغْفِرَةٌ مِنْ رَبِّهِمْ وَجَنَّاتٌ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ خَالِدِينَ فِيهَا ۚ وَنِعْمَ أَجْرُ الْعَامِلِينَ
Міне, солардың қайтарым сыйы олардың Раббысынан кешірім және астынан өзендер ағып жататын әрі олар онда мәңгі қалатын Жәннаттағы бақтар. Амал етушілердің сыйы қандай жақсы
قَدْ خَلَتْ مِنْ قَبْلِكُمْ سُنَنٌ فَسِيرُوا فِي الْأَرْضِ فَانْظُرُوا كَيْفَ كَانَ عَاقِبَةُ الْمُكَذِّبِينَ
Сендерден бұрын да түрлі жолдар жағдайлар өтті. Жер жүзін аралап, жалғанға шығарушылардың ақыры қандай болғанын қараңдар
هَٰذَا بَيَانٌ لِلنَّاسِ وَهُدًى وَمَوْعِظَةٌ لِلْمُتَّقِينَ
Бұл Құран адамдар үшін анық түсіндіру әрі тақуалар Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар үшін жолбасшы тура жолды ұстануға басшылық және насихат
وَلَا تَهِنُوا وَلَا تَحْزَنُوا وَأَنْتُمُ الْأَعْلَوْنَ إِنْ كُنْتُمْ مُؤْمِنِينَ
Босаңсымаңдар әрі қайғырмаңдар, егер иманды мүмін болсаңдар, сендер жоғарысыңдар
إِنْ يَمْسَسْكُمْ قَرْحٌ فَقَدْ مَسَّ الْقَوْمَ قَرْحٌ مِثْلُهُ ۚ وَتِلْكَ الْأَيَّامُ نُدَاوِلُهَا بَيْنَ النَّاسِ وَلِيَعْلَمَ اللَّهُ الَّذِينَ آمَنُوا وَيَتَّخِذَ مِنْكُمْ شُهَدَاءَ ۗ وَاللَّهُ لَا يُحِبُّ الظَّالِمِينَ
Егер сендер жарақат алсаңдар, ақиқатында ол адамдар да сондай жарақат алған еді. Аллаһ иманға келгендерді білуі әрі сендерден шәһидтер таңдап алуы үшін осындай күндерді адамдардың араларында алмастырып тұрады. Аллаһ әділетсіздерді жақсы көрмейді

Choose other languages: