Quran Apps in many lanuages:

Surah Aal-E-Imran Ayahs #117 Translated in Kazakh

لَيْسُوا سَوَاءً ۗ مِنْ أَهْلِ الْكِتَابِ أُمَّةٌ قَائِمَةٌ يَتْلُونَ آيَاتِ اللَّهِ آنَاءَ اللَّيْلِ وَهُمْ يَسْجُدُونَ
Олардың бәрі бірдей емес. Кітап берілген қауымның ішінде сәжде жасап, түні бойы Аллаһтың аяттарын оқитын тура тобы да бар
يُؤْمِنُونَ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ وَيَأْمُرُونَ بِالْمَعْرُوفِ وَيَنْهَوْنَ عَنِ الْمُنْكَرِ وَيُسَارِعُونَ فِي الْخَيْرَاتِ وَأُولَٰئِكَ مِنَ الصَّالِحِينَ
Олар Аллаһқа және Ақирет күніне сенеді, құпталғанға бұйырып, тыйым салынғаннан қайтарады әрі олар игі істерде алдында озат болуға ұмтылады. Міне, солар ізгілерден
وَمَا يَفْعَلُوا مِنْ خَيْرٍ فَلَنْ يُكْفَرُوهُ ۗ وَاللَّهُ عَلِيمٌ بِالْمُتَّقِينَ
Олар қандай қайырлы іс істесе де ол жоққа шығарылмайды. Аллаһ тақуаларды Раббысының жазасынан қорқып, сақтанушыларды Білуші
إِنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا لَنْ تُغْنِيَ عَنْهُمْ أَمْوَالُهُمْ وَلَا أَوْلَادُهُمْ مِنَ اللَّهِ شَيْئًا ۖ وَأُولَٰئِكَ أَصْحَابُ النَّارِ ۚ هُمْ فِيهَا خَالِدُونَ
Ақиқатында, күпірлік еткендерді иманға келмегендерді мал дүниелері де, балалары да ешбір нәрсемен Аллаһтан Оның азабынан құтқара алмайды. Міне, солар Отта болатындардан, олар онда мәңгі қалушылар
مَثَلُ مَا يُنْفِقُونَ فِي هَٰذِهِ الْحَيَاةِ الدُّنْيَا كَمَثَلِ رِيحٍ فِيهَا صِرٌّ أَصَابَتْ حَرْثَ قَوْمٍ ظَلَمُوا أَنْفُسَهُمْ فَأَهْلَكَتْهُ ۚ وَمَا ظَلَمَهُمُ اللَّهُ وَلَٰكِنْ أَنْفُسَهُمْ يَظْلِمُونَ
Олардың осы өмірде жұмсағандарының мысалы өздеріне өздері әділетсіздік еткен адамдардың егіндігіне тиіп, оны тып-типыл еткен бір суық желге ұқсайды. Аллаһ оларға әділетсіздік істеген жоқ. Алайда, олар өздеріне әділетсіздік істеді

Choose other languages: