Quran Apps in many lanuages:

Surah Yusuf Ayahs #103 Translated in Kazakh

فَلَمَّا دَخَلُوا عَلَىٰ يُوسُفَ آوَىٰ إِلَيْهِ أَبَوَيْهِ وَقَالَ ادْخُلُوا مِصْرَ إِنْ شَاءَ اللَّهُ آمِنِينَ
Олар Йусуфқа келгенде, ол ата-анасын жанына алды. Әрі: «Мысырға кіріңдер, Аллаһ қаласа амандықта болып», деді
وَرَفَعَ أَبَوَيْهِ عَلَى الْعَرْشِ وَخَرُّوا لَهُ سُجَّدًا ۖ وَقَالَ يَا أَبَتِ هَٰذَا تَأْوِيلُ رُؤْيَايَ مِنْ قَبْلُ قَدْ جَعَلَهَا رَبِّي حَقًّا ۖ وَقَدْ أَحْسَنَ بِي إِذْ أَخْرَجَنِي مِنَ السِّجْنِ وَجَاءَ بِكُمْ مِنَ الْبَدْوِ مِنْ بَعْدِ أَنْ نَزَغَ الشَّيْطَانُ بَيْنِي وَبَيْنَ إِخْوَتِي ۚ إِنَّ رَبِّي لَطِيفٌ لِمَا يَشَاءُ ۚ إِنَّهُ هُوَ الْعَلِيمُ الْحَكِيمُ
Сөйтіп ол ата-анасын жоғары, биік орынға отырғызды. Әрі олар оған құрмет ретінде маңдайларын жерге тигізді. Ол:«Уа, әкешім! Міне, бұрынғы көрген түсімнің жоруы осы. Раббым оны шындыққа шығарды. Әрі мені мен бауырларымның арасын шайтан назғ (бұзу, араны бұзу) қылғаннан кейін іріткі са­лып, бұзған соң , Ол Аллаһ мені түрмеден шығарып сендерді шөл даладан келтіріп, маған игілік жасады. Ақиқатында, Раббым қалаған құлына өте Мейірбан.Ол бәрін Білуші, аса Дана
رَبِّ قَدْ آتَيْتَنِي مِنَ الْمُلْكِ وَعَلَّمْتَنِي مِنْ تَأْوِيلِ الْأَحَادِيثِ ۚ فَاطِرَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ أَنْتَ وَلِيِّي فِي الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ ۖ تَوَفَّنِي مُسْلِمًا وَأَلْحِقْنِي بِالصَّالِحِينَ
Раббым! Сен маған билік бердің және түстердің жоруын үйреттің. Аспандар мен жердің Жаратушысы! Сен осы дүние және соңғы, мәңгілік өмірдегі ақиреттегі қамқоршымсың. Менің жанымды Мұсылман Өзіңе бойсұнған күйімде ал әрі мені ізгілерге қос!» деді
ذَٰلِكَ مِنْ أَنْبَاءِ الْغَيْبِ نُوحِيهِ إِلَيْكَ ۖ وَمَا كُنْتَ لَدَيْهِمْ إِذْ أَجْمَعُوا أَمْرَهُمْ وَهُمْ يَمْكُرُونَ
Ей, Мұхаммед! Міне, бұлар ғайып хабарлардан, саған оны уахи етіп жеткіземіз. Олар құлық ойлап, не істейтіндеріне шешім қабылдаған кезде сен олардың қасында болмаған едің
وَمَا أَكْثَرُ النَّاسِ وَلَوْ حَرَصْتَ بِمُؤْمِنِينَ
Әрі сен қанша қалап, тырыссаң да адамдардың көбі иманға келмейді

Choose other languages: