Quran Apps in many lanuages:

Surah Yunus Ayahs #94 Translated in Kazakh

وَجَاوَزْنَا بِبَنِي إِسْرَائِيلَ الْبَحْرَ فَأَتْبَعَهُمْ فِرْعَوْنُ وَجُنُودُهُ بَغْيًا وَعَدْوًا ۖ حَتَّىٰ إِذَا أَدْرَكَهُ الْغَرَقُ قَالَ آمَنْتُ أَنَّهُ لَا إِلَٰهَ إِلَّا الَّذِي آمَنَتْ بِهِ بَنُو إِسْرَائِيلَ وَأَنَا مِنَ الْمُسْلِمِينَ
Біз Исраил ұрпақтарын теңізден өткіздік. Сонда Фиръаун мен оның әскері әділетсіздік әрі дұшпандықпен, олардың соңынан қуды. Ал, ол Фиръаун суға батар кезінде: «Исраил ұрпақтары сенген құдайдан басқа ешбір құдайдың жоқтығына сендім. Мен де Мұсылмандарданмын бойсұнушыларданмын », деді
آلْآنَ وَقَدْ عَصَيْتَ قَبْلُ وَكُنْتَ مِنَ الْمُفْسِدِينَ
«Енді ғана ма? Ал бұрын бойсұнбаған едің әрі бұзушы-бүлдірушілерден болдың
فَالْيَوْمَ نُنَجِّيكَ بِبَدَنِكَ لِتَكُونَ لِمَنْ خَلْفَكَ آيَةً ۚ وَإِنَّ كَثِيرًا مِنَ النَّاسِ عَنْ آيَاتِنَا لَغَافِلُونَ
Бүгін сені өзіңнен кейінгілерге бір белгі болуы үшін мүрдеңді сенің тәніңді құтқарамыз». Негізінде, адамдардың көбі Біздің белгілерімізден қаперсіз ғибрат алмайды
وَلَقَدْ بَوَّأْنَا بَنِي إِسْرَائِيلَ مُبَوَّأَ صِدْقٍ وَرَزَقْنَاهُمْ مِنَ الطَّيِّبَاتِ فَمَا اخْتَلَفُوا حَتَّىٰ جَاءَهُمُ الْعِلْمُ ۚ إِنَّ رَبَّكَ يَقْضِي بَيْنَهُمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ فِيمَا كَانُوا فِيهِ يَخْتَلِفُونَ
Біз Исраил ұрпақтарын игі мекенге орналастырдық және оларға жақсы нәрселерден ризық бердік. Әрі олар, өздеріне білім келгенге дейін қарама-қайшылыққа түспеді. Ақиқатында, Раббың Қайта тірілу күні қарама-қайшылыққа түскен нәрселері жайында олардың араларына үкім береді
فَإِنْ كُنْتَ فِي شَكٍّ مِمَّا أَنْزَلْنَا إِلَيْكَ فَاسْأَلِ الَّذِينَ يَقْرَءُونَ الْكِتَابَ مِنْ قَبْلِكَ ۚ لَقَدْ جَاءَكَ الْحَقُّ مِنْ رَبِّكَ فَلَا تَكُونَنَّ مِنَ الْمُمْتَرِينَ
Ей, Мұхаммед! Егер Біз өзіңе түсіргеннен күмәнда болсаң, алдын Кітап түсіріліп оқығандардан сұра. Саған Раббыңнан ақиқат келді, сондықтан күмәнданушылардан болма

Choose other languages: