Quran Apps in many lanuages:

Surah Yunus Ayahs #32 Translated in Kazakh

وَيَوْمَ نَحْشُرُهُمْ جَمِيعًا ثُمَّ نَقُولُ لِلَّذِينَ أَشْرَكُوا مَكَانَكُمْ أَنْتُمْ وَشُرَكَاؤُكُمْ ۚ فَزَيَّلْنَا بَيْنَهُمْ ۖ وَقَالَ شُرَكَاؤُهُمْ مَا كُنْتُمْ إِيَّانَا تَعْبُدُونَ
Сол есеп Күні оларды түгелдей жинаймыз. Содан кейін Аллаһқа серік қосқандарға мүшріктерге : «Сендер және серік етіп қосқандарың, орындарыңда тұрыңдар!» дейміз. Біз олардың арасын бөлдік. Сонда олардың серік етіп қосқандары оларға: «Сендер құлшылықты бізге істеген жоқсыңдар
فَكَفَىٰ بِاللَّهِ شَهِيدًا بَيْنَنَا وَبَيْنَكُمْ إِنْ كُنَّا عَنْ عِبَادَتِكُمْ لَغَافِلِينَ
Аллаһ біздің арамызға куәлікте жеткілікті. Негізінде, біз сендердің құлшылық етулеріңнен хабарсыз едік», дейді
هُنَالِكَ تَبْلُو كُلُّ نَفْسٍ مَا أَسْلَفَتْ ۚ وَرُدُّوا إِلَى اللَّهِ مَوْلَاهُمُ الْحَقِّ ۖ وَضَلَّ عَنْهُمْ مَا كَانُوا يَفْتَرُونَ
Сол жерде есеп алаңында әрбір жан алдын істегені үшін сыналады сұралады . Олар шын иелері Аллаһқа қайтарылады әрі ойдан шығарған нәрселері олардан жоғалады
قُلْ مَنْ يَرْزُقُكُمْ مِنَ السَّمَاءِ وَالْأَرْضِ أَمَّنْ يَمْلِكُ السَّمْعَ وَالْأَبْصَارَ وَمَنْ يُخْرِجُ الْحَيَّ مِنَ الْمَيِّتِ وَيُخْرِجُ الْمَيِّتَ مِنَ الْحَيِّ وَمَنْ يُدَبِّرُ الْأَمْرَ ۚ فَسَيَقُولُونَ اللَّهُ ۚ فَقُلْ أَفَلَا تَتَّقُونَ
Ей, Мұхаммед!! Айт: «Сендерге аспаннан және жерден кім ризық береді? Есту және көру кімнің иелігінде? Тіріні өліден шығаратын және өліні тіріден шығаратын кім? Әрі істі кім басқарады?» деп. Олар: «Аллаһ», деп айтады. Айт: «Ендеше Оның жазасынан қорқып, сақтанбайсыңдар ма тақуалық етпейсіңдер ме ?» деп
فَذَٰلِكُمُ اللَّهُ رَبُّكُمُ الْحَقُّ ۖ فَمَاذَا بَعْدَ الْحَقِّ إِلَّا الضَّلَالُ ۖ فَأَنَّىٰ تُصْرَفُونَ
Міне, осы Аллаһ сендердің шын Раббың. Ақиқаттан кейін адасудан басқа не бар? Сонда қалай бұрылудасындар

Choose other languages: