Quran Apps in many lanuages:

Surah Ta-Ha Ayahs #40 Translated in Kazakh

قَالَ قَدْ أُوتِيتَ سُؤْلَكَ يَا مُوسَىٰ
Аллаһ : «Ей, Мұса! Саған сұрағандарың берілді
وَلَقَدْ مَنَنَّا عَلَيْكَ مَرَّةً أُخْرَىٰ
Біз ілгеріде саған бұдан басқа да игілік жасаған едік
إِذْ أَوْحَيْنَا إِلَىٰ أُمِّكَ مَا يُوحَىٰ
Сол кезде анаңның көкейіне білдірілуі тиісті нәрсені салған едік
أَنِ اقْذِفِيهِ فِي التَّابُوتِ فَاقْذِفِيهِ فِي الْيَمِّ فَلْيُلْقِهِ الْيَمُّ بِالسَّاحِلِ يَأْخُذْهُ عَدُوٌّ لِي وَعَدُوٌّ لَهُ ۚ وَأَلْقَيْتُ عَلَيْكَ مَحَبَّةً مِنِّي وَلِتُصْنَعَ عَلَىٰ عَيْنِي
«Оны сандыққа салып, өзенге қоя бер. Өзен жағаға шығарып, оны Маған дұшпан болған әрі оған да дұшпан болған біреу тауып алсын», деп. Әрі көз алдымда өсуің үшін Мен саған Өз тарапымнан сүйіспеншілік салдым
إِذْ تَمْشِي أُخْتُكَ فَتَقُولُ هَلْ أَدُلُّكُمْ عَلَىٰ مَنْ يَكْفُلُهُ ۖ فَرَجَعْنَاكَ إِلَىٰ أُمِّكَ كَيْ تَقَرَّ عَيْنُهَا وَلَا تَحْزَنَ ۚ وَقَتَلْتَ نَفْسًا فَنَجَّيْنَاكَ مِنَ الْغَمِّ وَفَتَنَّاكَ فُتُونًا ۚ فَلَبِثْتَ سِنِينَ فِي أَهْلِ مَدْيَنَ ثُمَّ جِئْتَ عَلَىٰ قَدَرٍ يَا مُوسَىٰ
Сол кезде әпкең артыңнан еріп жүріп: «Сендерге оған қамқорлық ететін емізетін біреуді көрсетейін бе?» деді. Сөйтіп анаңның көзайым болуы әрі қайғырмауы үшін сені оған қайтардық. Кейін сен бір адамды өлтірдің. Сонда сені уайымнан құтқардық және түрлі сынаққа салдық. Ей, Мұса, содан кейін Мәдиян елінде бірнеше жыл болып, белгіленген мерзімде қайтып келдің

Choose other languages: