Quran Apps in many lanuages:

Surah Sad Ayahs #21 Translated in Kazakh

اصْبِرْ عَلَىٰ مَا يَقُولُونَ وَاذْكُرْ عَبْدَنَا دَاوُودَ ذَا الْأَيْدِ ۖ إِنَّهُ أَوَّابٌ
Ей, Мұхаммед Олардың айтқандарына сабыр етіп, қуатты құлымыз Дәуітті еске ал. Ол әрдайым Оған қайтушы еді
إِنَّا سَخَّرْنَا الْجِبَالَ مَعَهُ يُسَبِّحْنَ بِالْعَشِيِّ وَالْإِشْرَاقِ
Ақиқатында, Біз тауларды кешке және таңертең онымен Дәуітпен бірге Раббыңды барлық кемшіліктен пәк деп ұлықтайтын етіп бағындырдық
وَالطَّيْرَ مَحْشُورَةً ۖ كُلٌّ لَهُ أَوَّابٌ
Әрі топталған түрде құстарды да. Барлығы да Оған Аллаһқа бойсұнушы
وَشَدَدْنَا مُلْكَهُ وَآتَيْنَاهُ الْحِكْمَةَ وَفَصْلَ الْخِطَابِ
Біз оның патшалығын қуаттап бекіттік әрі оған даналық пен тура шешімді сөз бердік
وَهَلْ أَتَاكَ نَبَأُ الْخَصْمِ إِذْ تَسَوَّرُوا الْمِحْرَابَ
Ей, Мұхаммед! Саған дауласқандардың хабары келді ме? Сонда олар михрабқа құлшылық ететін орынға дуалдан асып келген еді

Choose other languages: