Quran Apps in many lanuages:

Surah Saba Ayahs #35 Translated in Kazakh

وَقَالَ الَّذِينَ كَفَرُوا لَنْ نُؤْمِنَ بِهَٰذَا الْقُرْآنِ وَلَا بِالَّذِي بَيْنَ يَدَيْهِ ۗ وَلَوْ تَرَىٰ إِذِ الظَّالِمُونَ مَوْقُوفُونَ عِنْدَ رَبِّهِمْ يَرْجِعُ بَعْضُهُمْ إِلَىٰ بَعْضٍ الْقَوْلَ يَقُولُ الَّذِينَ اسْتُضْعِفُوا لِلَّذِينَ اسْتَكْبَرُوا لَوْلَا أَنْتُمْ لَكُنَّا مُؤْمِنِينَ
Әрі сондай күпірлік етушілер Аллаһқа серік қосушылар : «Біз бұл Құранға да, оның алдындағы түскенге де сенбейміз», деді. Егер сен әділетсіздердің өздерінің Раббысы алдында тұрғызылып, бір-біріне сөз қайтарғанын көрсең еді. Әлсіз есептелгендері ерушілері өздерін жоғары санағандарға басшыларға : «Сендер болмағанда, біз иманға келер едік», дейді
قَالَ الَّذِينَ اسْتَكْبَرُوا لِلَّذِينَ اسْتُضْعِفُوا أَنَحْنُ صَدَدْنَاكُمْ عَنِ الْهُدَىٰ بَعْدَ إِذْ جَاءَكُمْ ۖ بَلْ كُنْتُمْ مُجْرِمِينَ
Өздерін жоғары санағандар әлсіз саналғандарға: «Біз сендерге тура жол келгеннен кейін өздеріңді одан тостық па? Жоқ! Сендер өздерің қылмыскер болдыңдар», -дейді
وَقَالَ الَّذِينَ اسْتُضْعِفُوا لِلَّذِينَ اسْتَكْبَرُوا بَلْ مَكْرُ اللَّيْلِ وَالنَّهَارِ إِذْ تَأْمُرُونَنَا أَنْ نَكْفُرَ بِاللَّهِ وَنَجْعَلَ لَهُ أَنْدَادًا ۚ وَأَسَرُّوا النَّدَامَةَ لَمَّا رَأَوُا الْعَذَابَ وَجَعَلْنَا الْأَغْلَالَ فِي أَعْنَاقِ الَّذِينَ كَفَرُوا ۚ هَلْ يُجْزَوْنَ إِلَّا مَا كَانُوا يَعْمَلُونَ
Сонда әлсіздері өздерін жоғары санағандарға: «Жоқ! Түнде де, күндіз де айла-шарғы қолданып, бізді Аллаһқа сенбеуге және Оған өзгелерді теңдес етуге бұйыратын едіндер»,- дейді. Олар азапты көргендерінде, өкініштерін іштеріне жасырды. Әрі Біз күпірлік етушілердің Аллаһқақарсы келушілердің мойындарына бұғаулар салдық. Оларға істегендерінен басқасына істемегендеріне қайтарым жаза беріле ме
وَمَا أَرْسَلْنَا فِي قَرْيَةٍ مِنْ نَذِيرٍ إِلَّا قَالَ مُتْرَفُوهَا إِنَّا بِمَا أُرْسِلْتُمْ بِهِ كَافِرُونَ
Біз қайсыбір елді мекенге ескертуші жіберсек, оның сән-салтанат, рахатқа шалқығандары дәулетке мастанғандары : «Біз сен­дер арқылы жіберілгенге сенбейміз», деді
وَقَالُوا نَحْنُ أَكْثَرُ أَمْوَالًا وَأَوْلَادًا وَمَا نَحْنُ بِمُعَذَّبِينَ
Әрі олар: «Біздің дүниелеріміз де, балаларымыз да көп, сондықтан біз азапқа тартылмаймыз», деді

Choose other languages: