Quran Apps in many lanuages:

Surah Muhammad Ayahs #38 Translated in Kazakh

إِنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا وَصَدُّوا عَنْ سَبِيلِ اللَّهِ ثُمَّ مَاتُوا وَهُمْ كُفَّارٌ فَلَنْ يَغْفِرَ اللَّهُ لَهُمْ
Анығында, сондай күпірлік еткен иманға келуден бас тартқан және өзгелерді Аллаһтың жолынан қайтарған, кейін кәпір күйлерінде өлгендерді Аллаһ ешқашан кешірмейді
فَلَا تَهِنُوا وَتَدْعُوا إِلَى السَّلْمِ وَأَنْتُمُ الْأَعْلَوْنَ وَاللَّهُ مَعَكُمْ وَلَنْ يَتِرَكُمْ أَعْمَالَكُمْ
Босаңдық танытпаңдар және өздерің жоғары бола тұрып келісімге шақырмаңдар. Аллаһ сендермен бірге әрі Ол амалдарыңды ешқашан кемітпейді
إِنَّمَا الْحَيَاةُ الدُّنْيَا لَعِبٌ وَلَهْوٌ ۚ وَإِنْ تُؤْمِنُوا وَتَتَّقُوا يُؤْتِكُمْ أُجُورَكُمْ وَلَا يَسْأَلْكُمْ أَمْوَالَكُمْ
Шын мәнінде, бұл дүние тіршілігі ойын және ермек қана. Егер иманға келсеңдер және тақуалық етсеңдер Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтансаңдар , Ол сендерге сыйларыңды береді әрі Ол сендерден мал-дүниелеріңді сұрамайды
إِنْ يَسْأَلْكُمُوهَا فَيُحْفِكُمْ تَبْخَلُوا وَيُخْرِجْ أَضْغَانَكُمْ
Егер Ол сендерден оны сұрап, тұтас берулеріңді қатаң талап ететін болса, онда сендер сараңдық етіп әрі Ол сендердің іштеріңдегі қарсылықты ашу-ызаны әшкере етер еді
هَا أَنْتُمْ هَٰؤُلَاءِ تُدْعَوْنَ لِتُنْفِقُوا فِي سَبِيلِ اللَّهِ فَمِنْكُمْ مَنْ يَبْخَلُ ۖ وَمَنْ يَبْخَلْ فَإِنَّمَا يَبْخَلُ عَنْ نَفْسِهِ ۚ وَاللَّهُ الْغَنِيُّ وَأَنْتُمُ الْفُقَرَاءُ ۚ وَإِنْ تَتَوَلَّوْا يَسْتَبْدِلْ قَوْمًا غَيْرَكُمْ ثُمَّ لَا يَكُونُوا أَمْثَالَكُمْ
Міне, сендер Аллаһтың жолында мал-дүние жұмсауға шақырылудасыңдар. Сендердің араларыңда сараңдық ететіндер бар. Ал, кім сараңдық етсе, өз-өзіне өз зиянына ғана сараңдық етеді. Аллаһ әл-Ғани Бай, ешнәрсеге мұқтаж емес , ал сендер мұқтажсыңдар. Егер сендер теріс бұрылсаңдар, Ол сендерді басқа адамдармен алмастырады, содан кейін олар сендер секілді болмайды

Choose other languages: