Quran Apps in many lanuages:

Surah Maryam Ayahs #67 Translated in Kazakh

تِلْكَ الْجَنَّةُ الَّتِي نُورِثُ مِنْ عِبَادِنَا مَنْ كَانَ تَقِيًّا
Құлдарымыздан тақуа болғандарға Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандарға мұра ететін Жәннат осы
وَمَا نَتَنَزَّلُ إِلَّا بِأَمْرِ رَبِّكَ ۖ لَهُ مَا بَيْنَ أَيْدِينَا وَمَا خَلْفَنَا وَمَا بَيْنَ ذَٰلِكَ ۚ وَمَا كَانَ رَبُّكَ نَسِيًّا
Ей, Жәбірейіл Мұхаммедке айт! : «Біз періштелер Раббыңның әмірімен ғана түсеміз. Біздің алдымыздағы және артымыздағы әрі осының арасындағылар Оның иелігінде. Раббың ұмытушы емес
رَبُّ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَمَا بَيْنَهُمَا فَاعْبُدْهُ وَاصْطَبِرْ لِعِبَادَتِهِ ۚ هَلْ تَعْلَمُ لَهُ سَمِيًّا
Ол аспандардың және жердің әрі олардың арасындағыларының Раббысы. Оған құлшылық ет және Оған құлшылық етуде сабырлы бол. Оған ұқсас біреуді білесің бе?», деп
وَيَقُولُ الْإِنْسَانُ أَإِذَا مَا مِتُّ لَسَوْفَ أُخْرَجُ حَيًّا
Әрі адам баласы: «Мен өлгеннен кейін, қайтадан тірі күйімде шығарыламын ба?» дейді
أَوَلَا يَذْكُرُ الْإِنْسَانُ أَنَّا خَلَقْنَاهُ مِنْ قَبْلُ وَلَمْ يَكُ شَيْئًا
Адам баласы әуелде Біздің оны жаратқанымызды есіне алмай ма? Ал, ол ешнәрсе болмаған еді

Choose other languages: