Quran Apps in many lanuages:

Surah Maryam Ayahs #63 Translated in Kazakh

فَخَلَفَ مِنْ بَعْدِهِمْ خَلْفٌ أَضَاعُوا الصَّلَاةَ وَاتَّبَعُوا الشَّهَوَاتِ ۖ فَسَوْفَ يَلْقَوْنَ غَيًّا
Олардан кейін намазды зая қылған әрі тән құмарлықтарына шәһуәттарына ергендер келді. Жақында олар Ғайға тозақтағы терең шұңқырға тасталады
إِلَّا مَنْ تَابَ وَآمَنَ وَعَمِلَ صَالِحًا فَأُولَٰئِكَ يَدْخُلُونَ الْجَنَّةَ وَلَا يُظْلَمُونَ شَيْئًا
Тек істеген күнәсіне шынайы өкініп, Раббысына бойсұнуға қайтып тәубе етіп , иманға келген әрі ізгі амал істегендер басқа. Олар Жәннатқа кіреді әрі Оларға еш әділетсіздік жасалмайды
جَنَّاتِ عَدْنٍ الَّتِي وَعَدَ الرَّحْمَٰنُ عِبَادَهُ بِالْغَيْبِ ۚ إِنَّهُ كَانَ وَعْدُهُ مَأْتِيًّا
Олар ’Адн жәннатының бақтарына кіреді , сондай, әр-Рахман құлдарына ғайып түрде көрсетпестен уәде еткен. Ақиқатында оның уәдесі орындалады
لَا يَسْمَعُونَ فِيهَا لَغْوًا إِلَّا سَلَامًا ۖ وَلَهُمْ رِزْقُهُمْ فِيهَا بُكْرَةً وَعَشِيًّا
Олар ол жерде бос сөз естімейді. Еститіндері тек «Сәлам» Амандық болсын деген сөздер. Әрі олардың ондағы ризықтары таңертең де, кешке де қалаған кездерінде
تِلْكَ الْجَنَّةُ الَّتِي نُورِثُ مِنْ عِبَادِنَا مَنْ كَانَ تَقِيًّا
Құлдарымыздан тақуа болғандарға Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандарға мұра ететін Жәннат осы

Choose other languages: