Quran Apps in many lanuages:

Surah Hud Ayahs #6 Translated in Kazakh

أَلَّا تَعْبُدُوا إِلَّا اللَّهَ ۚ إِنَّنِي لَكُمْ مِنْهُ نَذِيرٌ وَبَشِيرٌ
Аллаһтан басқаға Құлшылық етпеңдер. Анығында, мен сендерге Одан жіберілген ескертуші әрі қуанышты хабар жеткізушімін
وَأَنِ اسْتَغْفِرُوا رَبَّكُمْ ثُمَّ تُوبُوا إِلَيْهِ يُمَتِّعْكُمْ مَتَاعًا حَسَنًا إِلَىٰ أَجَلٍ مُسَمًّى وَيُؤْتِ كُلَّ ذِي فَضْلٍ فَضْلَهُ ۖ وَإِنْ تَوَلَّوْا فَإِنِّي أَخَافُ عَلَيْكُمْ عَذَابَ يَوْمٍ كَبِيرٍ
Өздеріңнің Раббыңнан кешірім тілеңдер әрі істеген күнәларыңа шынайы өкініп, Оған бойсұнуға қайтыңдар тәубеге келіндер . Ол сендерді белгілі бір мерзімге өлім келгенге дейін көркем несібемен пайдаландырады. Әрі Ол, әрбір кеңшілік етушіні Өз кеңшілігіне бөлейді. Егер теріс бұрылсаңдар, сендерге болатын ұлы Күннің Қияметтің азабынан қорқамын
إِلَى اللَّهِ مَرْجِعُكُمْ ۖ وَهُوَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ
Сендер Аллаһқа қайтарыласыңдар. Ал, Ол барлық нәрсені Жасай алушы
أَلَا إِنَّهُمْ يَثْنُونَ صُدُورَهُمْ لِيَسْتَخْفُوا مِنْهُ ۚ أَلَا حِينَ يَسْتَغْشُونَ ثِيَابَهُمْ يَعْلَمُ مَا يُسِرُّونَ وَمَا يُعْلِنُونَ ۚ إِنَّهُ عَلِيمٌ بِذَاتِ الصُّدُورِ
Біліндер, олар, Одан жасыру үшін кеуделерін бүрістіреді. Анығында, олар киімдерін бүркеніп алғандарында да Ол Аллаһ олардың нені жасыратындарын және нені әшкере ететіндерін біледі. Анығында, Ол кеуделердегіні жүректердегіні жақсы Білуші
وَمَا مِنْ دَابَّةٍ فِي الْأَرْضِ إِلَّا عَلَى اللَّهِ رِزْقُهَا وَيَعْلَمُ مُسْتَقَرَّهَا وَمُسْتَوْدَعَهَا ۚ كُلٌّ فِي كِتَابٍ مُبِينٍ
Жер бетінде ризығы Аллаһтан болмаған бірде-бір жаны бар жоқ. Ол, оның осы өмірдегі тұрағын және өлгеннен кейінгі сақталатын орнын біледі. Барлығы анық Кітапта Ләухул махфузда жазулы

Choose other languages: