Quran Apps in many lanuages:

Surah Hud Ayahs #24 Translated in Kazakh

أُولَٰئِكَ لَمْ يَكُونُوا مُعْجِزِينَ فِي الْأَرْضِ وَمَا كَانَ لَهُمْ مِنْ دُونِ اللَّهِ مِنْ أَوْلِيَاءَ ۘ يُضَاعَفُ لَهُمُ الْعَذَابُ ۚ مَا كَانُوا يَسْتَطِيعُونَ السَّمْعَ وَمَا كَانُوا يُبْصِرُونَ
Міне солар жер бетінде Аллаһтың азабын әлсірете алмайды. Әрі оларда Аллаһтан өзге қамқоршылар болмайды. Оларға азап еселеніп арттырылады. Олар ақиқатты еститін хәлде болмады әрі көрмеді
أُولَٰئِكَ الَّذِينَ خَسِرُوا أَنْفُسَهُمْ وَضَلَّ عَنْهُمْ مَا كَانُوا يَفْتَرُونَ
Міне, солар өздерін-өздері жоғалтқандар зиянғаұшыратқандар . Әрі ойдан шығарған нәрселері олардан жоқ болып кетті
لَا جَرَمَ أَنَّهُمْ فِي الْآخِرَةِ هُمُ الْأَخْسَرُونَ
Сөзсіз, олар соңғы, мәңгілік өмірде ақиретте бәрінен көп зиян көретіндер
إِنَّ الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ وَأَخْبَتُوا إِلَىٰ رَبِّهِمْ أُولَٰئِكَ أَصْحَابُ الْجَنَّةِ ۖ هُمْ فِيهَا خَالِدُونَ
Ақиқатында, иманға келген және ізгі амал істеген әрі өздерінің Раббысына беріле бағынғандар, олар жәннаттық. Олар онда мәңгі қалады
مَثَلُ الْفَرِيقَيْنِ كَالْأَعْمَىٰ وَالْأَصَمِّ وَالْبَصِيرِ وَالسَّمِيعِ ۚ هَلْ يَسْتَوِيَانِ مَثَلًا ۚ أَفَلَا تَذَكَّرُونَ
Екі топтың мысалы: соқыр және керең әрі көруші мен естуші тәрізді. Мысал тұрғысынан бұл екеуі тең бе? Еске алмайсыңдар ма ғибрат алмайсыңдар ма

Choose other languages: