Quran Apps in many lanuages:

Surah Ghafir Ayahs #57 Translated in Kazakh

وَلَقَدْ آتَيْنَا مُوسَى الْهُدَىٰ وَأَوْرَثْنَا بَنِي إِسْرَائِيلَ الْكِتَابَ
Әрі Біз Мұсаға жолбасшы тура жолды ұстануға басшылық бердік және Исраил ұрпақтарын Кітапқа мұрагер еттік
هُدًى وَذِكْرَىٰ لِأُولِي الْأَلْبَابِ
ақыл иелеріне тура жол және еске салу ескерту етіп
فَاصْبِرْ إِنَّ وَعْدَ اللَّهِ حَقٌّ وَاسْتَغْفِرْ لِذَنْبِكَ وَسَبِّحْ بِحَمْدِ رَبِّكَ بِالْعَشِيِّ وَالْإِبْكَارِ
Ей, Мұхаммед! Сабыр ет! Күдіксіз, Аллаһтың уәдесі хақ. күнәң үшін кешірім тіле әрі кешке және таңертең Раббыңа мақтаулар айтып, барлық кемшіліктен пәк деп дәріпте
إِنَّ الَّذِينَ يُجَادِلُونَ فِي آيَاتِ اللَّهِ بِغَيْرِ سُلْطَانٍ أَتَاهُمْ ۙ إِنْ فِي صُدُورِهِمْ إِلَّا كِبْرٌ مَا هُمْ بِبَالِغِيهِ ۚ فَاسْتَعِذْ بِاللَّهِ ۖ إِنَّهُ هُوَ السَّمِيعُ الْبَصِيرُ
Ақиқатында, Аллаһтың аят-белгілеріне қатысты өздеріне ешбір дәлел келмесе де тартысатындардың кеуделерінде тек менмендік-тәкаппарлық бар. Олар дегендеріне жете алмайды. Сен Аллаһқа сиынып, өзіңді қорғауын тіле. Ақиқатында, Ол бәрін Естуші , бәрін Көруші
لَخَلْقُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ أَكْبَرُ مِنْ خَلْقِ النَّاسِ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَ النَّاسِ لَا يَعْلَمُونَ
Аспандарды және жерді жарату адамдарды жаратуға қарағанда, сөзсіз, әлдеқайда үлкен. Алайда, адамдардың көбі білмейді

Choose other languages: