Quran Apps in many lanuages:

Surah Fatir Ayahs #14 Translated in Kazakh

مَنْ كَانَ يُرِيدُ الْعِزَّةَ فَلِلَّهِ الْعِزَّةُ جَمِيعًا ۚ إِلَيْهِ يَصْعَدُ الْكَلِمُ الطَّيِّبُ وَالْعَمَلُ الصَّالِحُ يَرْفَعُهُ ۚ وَالَّذِينَ يَمْكُرُونَ السَّيِّئَاتِ لَهُمْ عَذَابٌ شَدِيدٌ ۖ وَمَكْرُ أُولَٰئِكَ هُوَ يَبُورُ
Кім үстемдікті қаласа, үстемдік толығымен Аллаһта. жақсы сөз Оған қарай шығады, ал ізгі амал оны аса ұлы Аллаһқақарай көтереді. Айла-шарғы арқылы жамандықтар жасайтындарға қатты азап бар. Әрі олардың айла-шарғылары босқа кетеді
وَاللَّهُ خَلَقَكُمْ مِنْ تُرَابٍ ثُمَّ مِنْ نُطْفَةٍ ثُمَّ جَعَلَكُمْ أَزْوَاجًا ۚ وَمَا تَحْمِلُ مِنْ أُنْثَىٰ وَلَا تَضَعُ إِلَّا بِعِلْمِهِ ۚ وَمَا يُعَمَّرُ مِنْ مُعَمَّرٍ وَلَا يُنْقَصُ مِنْ عُمُرِهِ إِلَّا فِي كِتَابٍ ۚ إِنَّ ذَٰلِكَ عَلَى اللَّهِ يَسِيرٌ
Аллаһ сендерді Адам атаны топырақтан, кейін оның ұрпағын ұрық суынан жаратты. Содан кейін сендерді . әйел, еркек етіп жұп жасады. Әрбір ұрғашының жүкті болуы және босануы Оның білімі бойынша белгілеген заңдылығы, тағдыр етуімен ғана болады. Кітапта жазылғаннан артық әрбір өмір сүрушінің өмірі ұзартылмайды да қысқартылмайды. Ақиқатында, бұл Аллаһқа жеңіл
وَمَا يَسْتَوِي الْبَحْرَانِ هَٰذَا عَذْبٌ فُرَاتٌ سَائِغٌ شَرَابُهُ وَهَٰذَا مِلْحٌ أُجَاجٌ ۖ وَمِنْ كُلٍّ تَأْكُلُونَ لَحْمًا طَرِيًّا وَتَسْتَخْرِجُونَ حِلْيَةً تَلْبَسُونَهَا ۖ وَتَرَى الْفُلْكَ فِيهِ مَوَاخِرَ لِتَبْتَغُوا مِنْ فَضْلِهِ وَلَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ
Екі теңіз бірдей емес. Мынау тұщы, дәмді, ішуге жағымды. Ал анау тұзды, ащы. Сендер әрқайсысынан жас ет жейсіңдер және өздерің тағып алатын сәндік әшекейлер шығарасыңдар. Оның кеңшілігін іздеулерің әрі шүкір етулерің Оның берген игіліктеріне алғыс білдірулерің үшін онда теңізде жүзіп бара жатқан кемелерді көресің
يُولِجُ اللَّيْلَ فِي النَّهَارِ وَيُولِجُ النَّهَارَ فِي اللَّيْلِ وَسَخَّرَ الشَّمْسَ وَالْقَمَرَ كُلٌّ يَجْرِي لِأَجَلٍ مُسَمًّى ۚ ذَٰلِكُمُ اللَّهُ رَبُّكُمْ لَهُ الْمُلْكُ ۚ وَالَّذِينَ تَدْعُونَ مِنْ دُونِهِ مَا يَمْلِكُونَ مِنْ قِطْمِيرٍ
Ол түнді күндізге кіргізеді, ал күндізді түнге кіргізеді және күн мен айды құлдарының пайдасы үшін бағынышты етті. Олардың әрқайсысы белгіленген мерзімге дейін қозғалады. Міне, осының бәрін жасаған сендердің Раббың Аллаһ. Билік Онікі. Ал, сендердің Одан өзге қатар жалбарынып шақырғандарың, құрмадәнініңжұқа қабығына да иелік ете алмайды
إِنْ تَدْعُوهُمْ لَا يَسْمَعُوا دُعَاءَكُمْ وَلَوْ سَمِعُوا مَا اسْتَجَابُوا لَكُمْ ۖ وَيَوْمَ الْقِيَامَةِ يَكْفُرُونَ بِشِرْكِكُمْ ۚ وَلَا يُنَبِّئُكَ مِثْلُ خَبِيرٍ
Егер оларды қосқан серіктеріңді шақырсаңдар сұрап, тілесеңдер , шақырғандарыңды тілектеріңді естімейді. Ал, естіген жағдайда да сендерге жауап бере алмайтын еді және Қиямет күні олар сендердің серік етіп қосқандарыңнан бас тартады. Ей, Мұхаммед! Саған ешкім де бәрінен Хабардар секілді хабарлай алмайды

Choose other languages: