Quran Apps in many lanuages:

Surah Az-Zukhruf Ayahs #63 Translated in Kazakh

إِنْ هُوَ إِلَّا عَبْدٌ أَنْعَمْنَا عَلَيْهِ وَجَعَلْنَاهُ مَثَلًا لِبَنِي إِسْرَائِيلَ
Ол бар болғаны, Біз игілік берген және Исраил ұрпақтарына ғибратты мысал еткен құлымыз ғана
وَلَوْ نَشَاءُ لَجَعَلْنَا مِنْكُمْ مَلَائِكَةً فِي الْأَرْضِ يَخْلُفُونَ
Егер де қалағанымызда, сендерді жер­де орындарыңды басатын періштелермен алмастыратын едік
وَإِنَّهُ لَعِلْمٌ لِلسَّاعَةِ فَلَا تَمْتَرُنَّ بِهَا وَاتَّبِعُونِ ۚ هَٰذَا صِرَاطٌ مُسْتَقِيمٌ
Оларға айт : «Ақиқатында ол Иса -Сағаттың Қайта тірілу күнінің бір белгісі. Оған еш күмәнданбаңдар әрі маған еріңдер. Міне, осы тура жол
وَلَا يَصُدَّنَّكُمُ الشَّيْطَانُ ۖ إِنَّهُ لَكُمْ عَدُوٌّ مُبِينٌ
Әрі шайтан сендерді одан ақиқатқа еруден тоспасын. Анығында ол сендерге анық дұшпан», деп
وَلَمَّا جَاءَ عِيسَىٰ بِالْبَيِّنَاتِ قَالَ قَدْ جِئْتُكُمْ بِالْحِكْمَةِ وَلِأُبَيِّنَ لَكُمْ بَعْضَ الَّذِي تَخْتَلِفُونَ فِيهِ ۖ فَاتَّقُوا اللَّهَ وَأَطِيعُونِ
Ал, Иса анық белгі-дәлелдермен келген кезде, ол: «Мен сендерге даналықпен әрі өздерің қайшылыққа түсіп отырған нәрселердің кейбірін сендерге түсіндіру үшін келдім. Ал, енді Аллаһтан Оның тыйымдарынан қорқып, сақтаныңдар және мағанбағыныңдар

Choose other languages: