Quran Apps in many lanuages:

Surah Az-Zamar Ayahs #75 Translated in Kazakh

قِيلَ ادْخُلُوا أَبْوَابَ جَهَنَّمَ خَالِدِينَ فِيهَا ۖ فَبِئْسَ مَثْوَى الْمُتَكَبِّرِينَ
Оларға : «Жаһаннамның қақпаларынан онда мәңгі қалатын болып кіріңдер!» -делінеді. Өздерін жоғары санағандардың тұрағы қандай жаман
وَسِيقَ الَّذِينَ اتَّقَوْا رَبَّهُمْ إِلَى الْجَنَّةِ زُمَرًا ۖ حَتَّىٰ إِذَا جَاءُوهَا وَفُتِحَتْ أَبْوَابُهَا وَقَالَ لَهُمْ خَزَنَتُهَا سَلَامٌ عَلَيْكُمْ طِبْتُمْ فَادْخُلُوهَا خَالِدِينَ
Ал, тақуалар Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандар Жәннатқа топ-тобымен алып барылады. Олар оған келіп, қақпалары ашылған кезде, оның күзетшілері оларға: «Сендерге сәлем амандық болсын ! Сендер жақсы болдыңдар. Енді оған жәннатқа мәңгі тұратын болып кіріндер!» дейді
وَقَالُوا الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِي صَدَقَنَا وَعْدَهُ وَأَوْرَثَنَا الْأَرْضَ نَتَبَوَّأُ مِنَ الْجَنَّةِ حَيْثُ نَشَاءُ ۖ فَنِعْمَ أَجْرُ الْعَامِلِينَ
Сонда олар жәннаттағылар : «Барлық мақтаулар бізге берген уәдесін шындыққа шығарған және бүл жәннаттағы жерге мұрагер еткен Аллаһқа! Біз Жәннатта өзіміз қалаған орынға жайғасамыз!» дейді. Амал етушілердің сыйы қандай жақсы
وَتَرَى الْمَلَائِكَةَ حَافِّينَ مِنْ حَوْلِ الْعَرْشِ يُسَبِّحُونَ بِحَمْدِ رَبِّهِمْ ۖ وَقُضِيَ بَيْنَهُمْ بِالْحَقِّ وَقِيلَ الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ
Ей, Мұхаммед!I Сен Аршының айналасын қоршаған періштелердің өздерінің Раббысын барлық кемшіліктерден пәк деп дәріптей мақтағанын көресің. Олардың арасына ақиқатпен үкім шығарылады әрі: «Барлық мақтаулар әлемдердің Раббысы Аллаһқа!» -делінеді

Choose other languages: