Quran Apps in many lanuages:

Surah Az-Zamar Ayahs #61 Translated in Kazakh

أَوْ تَقُولَ لَوْ أَنَّ اللَّهَ هَدَانِي لَكُنْتُ مِنَ الْمُتَّقِينَ
немесе: «Егер де Аллаһ мені тура жолғасалғанда, онда мен де тақуалардан Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандардан! болар едім», демеуі үшін
أَوْ تَقُولَ حِينَ تَرَى الْعَذَابَ لَوْ أَنَّ لِي كَرَّةً فَأَكُونَ مِنَ الْمُحْسِنِينَ
не болмаса, ол азапты көрген кезде: «Егер менде артқа қайту мүмкіндігі болғанда, жақсылық істеушілерден болар едім», деп айтпауы үшін өздеріңе жаза келуден бұрын аса ұлыАллаһқабағыныңдар
بَلَىٰ قَدْ جَاءَتْكَ آيَاتِي فَكَذَّبْتَ بِهَا وَاسْتَكْبَرْتَ وَكُنْتَ مِنَ الْكَافِرِينَ
Сонда ондай күнәһарларға : «Жоқ, олай емес! Саған Менің аят-белгілерім келген кезде, сен оларды өтірік дедің әрі өзіңді жоғары санадың және кәпірлерден болдың», делінеді
وَيَوْمَ الْقِيَامَةِ تَرَى الَّذِينَ كَذَبُوا عَلَى اللَّهِ وُجُوهُهُمْ مُسْوَدَّةٌ ۚ أَلَيْسَ فِي جَهَنَّمَ مَثْوًى لِلْمُتَكَبِّرِينَ
Ей, Мұхаммед! Қайта тірілу күні Аллаһ туралы өтірік айтқандардың беттері қарайғанын көресің. Өздерін жоғары санайтындардың орны Жаһаннамда емес пе
وَيُنَجِّي اللَّهُ الَّذِينَ اتَّقَوْا بِمَفَازَتِهِمْ لَا يَمَسُّهُمُ السُّوءُ وَلَا هُمْ يَحْزَنُونَ
Аллаһ тақуаларды Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандарды жетістіктері тақуалықтары арқылы құтқарады. Оларға жамандық тимейді әрі олар қайғырмайды

Choose other languages: