Quran Apps in many lanuages:

Surah At-Tawba Ayahs #9 Translated in Kazakh

9:5
فَإِذَا انْسَلَخَ الْأَشْهُرُ الْحُرُمُ فَاقْتُلُوا الْمُشْرِكِينَ حَيْثُ وَجَدْتُمُوهُمْ وَخُذُوهُمْ وَاحْصُرُوهُمْ وَاقْعُدُوا لَهُمْ كُلَّ مَرْصَدٍ ۚ فَإِنْ تَابُوا وَأَقَامُوا الصَّلَاةَ وَآتَوُا الزَّكَاةَ فَخَلُّوا سَبِيلَهُمْ ۚ إِنَّ اللَّهَ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Ал, тыйым салынған айлар өткен соң, мүшріктерді тапқан жерлеріңде өлтіріңдер,тұтқындаңдар, қоршауға алыңдар және әрбір жолда оларды торуылдаңдар. Егер олар істеген күнәсына шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтса тәубеге келсе , намазды толық орындаса және зекетті берсе, олардың жолдарын босатыңдар. Анығында, Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
9:6
وَإِنْ أَحَدٌ مِنَ الْمُشْرِكِينَ اسْتَجَارَكَ فَأَجِرْهُ حَتَّىٰ يَسْمَعَ كَلَامَ اللَّهِ ثُمَّ أَبْلِغْهُ مَأْمَنَهُ ۚ ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمْ قَوْمٌ لَا يَعْلَمُونَ
Ей, Мұхаммед Егер мүшріктердің бірі сенен өзін қорғауға алуыңды сұраса, Аллаһтың сөзін естуі үшін оны қорғауыңа ал. Содан кейін оны қауіпсіз орынға жеткіз. мұның себебі олар білмейтін адамдар
9:7
كَيْفَ يَكُونُ لِلْمُشْرِكِينَ عَهْدٌ عِنْدَ اللَّهِ وَعِنْدَ رَسُولِهِ إِلَّا الَّذِينَ عَاهَدْتُمْ عِنْدَ الْمَسْجِدِ الْحَرَامِ ۖ فَمَا اسْتَقَامُوا لَكُمْ فَاسْتَقِيمُوا لَهُمْ ۚ إِنَّ اللَّهَ يُحِبُّ الْمُتَّقِينَ
Аллаһтың алдында және Оның Елшісінің алдында мүшріктерге Аллаһқа серік қосушыларға қалайша келісім болады? Бірақ, сендермен әл-Харам мешіті аймағында келісім жасасқандардың жөні бөлек. Олар сендерге келісімге қатысты туралық етсе, сендер де Оларға туралық етіңдер. Шын мәнінде, Аллаһ тақуаларды Өзіне бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушыларды жақсы көреді
9:8
كَيْفَ وَإِنْ يَظْهَرُوا عَلَيْكُمْ لَا يَرْقُبُوا فِيكُمْ إِلًّا وَلَا ذِمَّةً ۚ يُرْضُونَكُمْ بِأَفْوَاهِهِمْ وَتَأْبَىٰ قُلُوبُهُمْ وَأَكْثَرُهُمْ فَاسِقُونَ
Қалай ғана? Егер олар сендердің үстеріңнен жеңіске жетсе, сендерге қатысты туысқандықты да, келісімді де сақтамайды. Олар сендерді разы етеді де бірақ жүректері қабылдамайды. Әрі олардың көпшілігі бұзықтар
9:9
اشْتَرَوْا بِآيَاتِ اللَّهِ ثَمَنًا قَلِيلًا فَصَدُّوا عَنْ سَبِيلِهِ ۚ إِنَّهُمْ سَاءَ مَا كَانُوا يَعْمَلُونَ
Олар Аллаһтың аяттарының орнына болмашы бағаны дүниелікті сатып алып, Оның жолынан адамдарды тосты. Олардың істегендері қандай жаман

Choose other languages: