Quran Apps in many lanuages:

Surah At-Tawba Ayahs #29 Translated in Kazakh

لَقَدْ نَصَرَكُمُ اللَّهُ فِي مَوَاطِنَ كَثِيرَةٍ ۙ وَيَوْمَ حُنَيْنٍ ۙ إِذْ أَعْجَبَتْكُمْ كَثْرَتُكُمْ فَلَمْ تُغْنِ عَنْكُمْ شَيْئًا وَضَاقَتْ عَلَيْكُمُ الْأَرْضُ بِمَا رَحُبَتْ ثُمَّ وَلَّيْتُمْ مُدْبِرِينَ
Аллаһ сендерді көптеген жерлерде және Хунайн күні де жеңіске жеткізді. Сол кезде сендер сандарыңның көптігімен масайраған едіңдер. Бірақ ол сендерге еш пайда бермеді де жер кеңдігіне қарамастан, өздеріңе тар келді. Одан кейін сендер теріс бұрылдыңдар қаштыңдар
ثُمَّ أَنْزَلَ اللَّهُ سَكِينَتَهُ عَلَىٰ رَسُولِهِ وَعَلَى الْمُؤْمِنِينَ وَأَنْزَلَ جُنُودًا لَمْ تَرَوْهَا وَعَذَّبَ الَّذِينَ كَفَرُوا ۚ وَذَٰلِكَ جَزَاءُ الْكَافِرِينَ
Одан соң Аллаһ Өз Елшісінің үстінен және иманға келгендердің үстінен сакинасын тыныштық түсірді. Әрі сендер көрмейтін бір сарбаздар түсірді де күпірлік еткендерді Аллаһқа қарсы келгендерді азапқа ұшыратты. кәпірлердің қайтарым жазасы осы
ثُمَّ يَتُوبُ اللَّهُ مِنْ بَعْدِ ذَٰلِكَ عَلَىٰ مَنْ يَشَاءُ ۗ وَاللَّهُ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Кейін Аллаһ Өзі қалағанды күнәсіне шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға тәубеге келтіреді. Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِنَّمَا الْمُشْرِكُونَ نَجَسٌ فَلَا يَقْرَبُوا الْمَسْجِدَ الْحَرَامَ بَعْدَ عَامِهِمْ هَٰذَا ۚ وَإِنْ خِفْتُمْ عَيْلَةً فَسَوْفَ يُغْنِيكُمُ اللَّهُ مِنْ فَضْلِهِ إِنْ شَاءَ ۚ إِنَّ اللَّهَ عَلِيمٌ حَكِيمٌ
Ей, иманға келген дер! Шын мәнінде мүшріктер Аллаһқа серік қосушылар нәжас таза емес . Сондықтан олар осы жылдан кейін әл-Харам мешітіне жақындамасын. Егер жоқшылықтан қорқатын болсаңдар, жақында Аллаһ қаласа сендерді Өз кеңшілігінен байытады. Ақиқатында, Аллаһ бәрін Білуші, аса Дана
قَاتِلُوا الَّذِينَ لَا يُؤْمِنُونَ بِاللَّهِ وَلَا بِالْيَوْمِ الْآخِرِ وَلَا يُحَرِّمُونَ مَا حَرَّمَ اللَّهُ وَرَسُولُهُ وَلَا يَدِينُونَ دِينَ الْحَقِّ مِنَ الَّذِينَ أُوتُوا الْكِتَابَ حَتَّىٰ يُعْطُوا الْجِزْيَةَ عَنْ يَدٍ وَهُمْ صَاغِرُونَ
Кітап берілгендерден, Аллаһқа және Ақирет күніне сенбейтін, Аллаһ және Оның Елшісі тыйым салған нәрселерді тыйым салынған деп есептемейтін әрі хақ дінді ұстанбайтындармен, олар кішірейген бағынған күйде өз қолдарымен арнайы салық жизия бергенге дейін, соғысыңдар

Choose other languages: