Quran Apps in many lanuages:

Surah At-Tawba Ayahs #111 Translated in Kazakh

وَالَّذِينَ اتَّخَذُوا مَسْجِدًا ضِرَارًا وَكُفْرًا وَتَفْرِيقًا بَيْنَ الْمُؤْمِنِينَ وَإِرْصَادًا لِمَنْ حَارَبَ اللَّهَ وَرَسُولَهُ مِنْ قَبْلُ ۚ وَلَيَحْلِفُنَّ إِنْ أَرَدْنَا إِلَّا الْحُسْنَىٰ ۖ وَاللَّهُ يَشْهَدُ إِنَّهُمْ لَكَاذِبُونَ
Ал, сондай зиян тигізу және күпірлік ету қарсылықты қолдау әрі имандылардың арасын ажырату үшін және Аллаһ пен Елшісіне бұрыннан қарсы соғысқан біреу үшін мұсылмандарды торуылдайтын орын етіп мешіт салғандар, әлбетте: «Біз жақсылықтан басқаны қаламадық», деп ант ішеді. Аллаһ олардың суайт екендігіне куәлік береді
لَا تَقُمْ فِيهِ أَبَدًا ۚ لَمَسْجِدٌ أُسِّسَ عَلَى التَّقْوَىٰ مِنْ أَوَّلِ يَوْمٍ أَحَقُّ أَنْ تَقُومَ فِيهِ ۚ فِيهِ رِجَالٌ يُحِبُّونَ أَنْ يَتَطَهَّرُوا ۚ وَاللَّهُ يُحِبُّ الْمُطَّهِّرِينَ
Ей, Мұхаммед! Сен онда ол мешітте ешқашан тұрма. Сенің тұруыңа алғашқы күннен тақуалық Аллаһқа бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушылық негізінде құрылған мешіт, көбірек лайықты. Онда тазаруды ұнататын адамдар бар. Ал Аллаһ тазарушыларды жақсы көреді
أَفَمَنْ أَسَّسَ بُنْيَانَهُ عَلَىٰ تَقْوَىٰ مِنَ اللَّهِ وَرِضْوَانٍ خَيْرٌ أَمْ مَنْ أَسَّسَ بُنْيَانَهُ عَلَىٰ شَفَا جُرُفٍ هَارٍ فَانْهَارَ بِهِ فِي نَارِ جَهَنَّمَ ۗ وَاللَّهُ لَا يَهْدِي الْقَوْمَ الظَّالِمِينَ
Өзінің салып жатқан құрылысын Аллаһтан қорқып, сақтанып әрі Оның разылығы үшін қалаған біреу жақсы ма, әлде оның құрылысынқұлағалытұрған бір жардың шетіне қалап, онымен бірге Жаһаннамның отына құлаған біреу ме? Аллаһ әділетсіз адамдарды тура жолмен жүргізбейді
لَا يَزَالُ بُنْيَانُهُمُ الَّذِي بَنَوْا رِيبَةً فِي قُلُوبِهِمْ إِلَّا أَنْ تَقَطَّعَ قُلُوبُهُمْ ۗ وَاللَّهُ عَلِيمٌ حَكِيمٌ
Олардың жүректері бөлшектеніп кетпейінше, салған құрылыстары мешіті , жүректерінде үнемі күмән болып қала береді. Аллаһ бәрін Білуші, аса Дана
إِنَّ اللَّهَ اشْتَرَىٰ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ أَنْفُسَهُمْ وَأَمْوَالَهُمْ بِأَنَّ لَهُمُ الْجَنَّةَ ۚ يُقَاتِلُونَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ فَيَقْتُلُونَ وَيُقْتَلُونَ ۖ وَعْدًا عَلَيْهِ حَقًّا فِي التَّوْرَاةِ وَالْإِنْجِيلِ وَالْقُرْآنِ ۚ وَمَنْ أَوْفَىٰ بِعَهْدِهِ مِنَ اللَّهِ ۚ فَاسْتَبْشِرُوا بِبَيْعِكُمُ الَّذِي بَايَعْتُمْ بِهِ ۚ وَذَٰلِكَ هُوَ الْفَوْزُ الْعَظِيمُ
Ақиқатында, Аллаһ имандылардан мүміндерден олардың жандары мен дүниелерін Жәннатпен айырбастап, сатып алды. Олар Аллаһтың жолында соғысып, өлтіреді және өлтіріледі, Оның Тәурат, Інжіл және Құрандағы хақ уәдесі бойынша. Аллаһтан артық уәдесін кім орындайды? Онымен жасаған саудаларыңа қуаныңдар! Міне, осы ұлы жетістік

Choose other languages: