Quran Apps in many lanuages:

Surah At-Taghabun Ayahs #7 Translated in Kazakh

خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ بِالْحَقِّ وَصَوَّرَكُمْ فَأَحْسَنَ صُوَرَكُمْ ۖ وَإِلَيْهِ الْمَصِيرُ
Ол аспандарды және жерді ақиқатпен жаратты және сендерге түр-тұлға беріп, тұлғаларыңды көркем етті. Әрі қайту да Оған
يَعْلَمُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَيَعْلَمُ مَا تُسِرُّونَ وَمَا تُعْلِنُونَ ۚ وَاللَّهُ عَلِيمٌ بِذَاتِ الصُّدُورِ
Ол аспандар мен жердегі нәрселерді біледі әрі Ол сендердің жасырғандарың мен жариялағандарыңды да біледі. Аллаһ кеуделердегіні жүректердегіні жақсы Білуші
أَلَمْ يَأْتِكُمْ نَبَأُ الَّذِينَ كَفَرُوا مِنْ قَبْلُ فَذَاقُوا وَبَالَ أَمْرِهِمْ وَلَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ
Сендерге бұрыннан сондай күпірлік еткендердің иманды теріске шығарушылардың хабары келмеді ме? Олар істерінің жазасын татты. Әрі оларға күйзелтуші азап бар
ذَٰلِكَ بِأَنَّهُ كَانَتْ تَأْتِيهِمْ رُسُلُهُمْ بِالْبَيِّنَاتِ فَقَالُوا أَبَشَرٌ يَهْدُونَنَا فَكَفَرُوا وَتَوَلَّوْا ۚ وَاسْتَغْنَى اللَّهُ ۚ وَاللَّهُ غَنِيٌّ حَمِيدٌ
Бұл, оларға елшілері анық дәлелдермен келген кезде олардың: «Бізді адам тура жолға салады ма?» деп, күпірлік еткендіктері қарсы келгендіктері және теріс бұрылғандықтары себепті. Аллаһ Оларға мұқтаж емес. Аллаһ Бай, Мұқтажсыз, мақтауға лайық
زَعَمَ الَّذِينَ كَفَرُوا أَنْ لَنْ يُبْعَثُوا ۚ قُلْ بَلَىٰ وَرَبِّي لَتُبْعَثُنَّ ثُمَّ لَتُنَبَّؤُنَّ بِمَا عَمِلْتُمْ ۚ وَذَٰلِكَ عَلَى اللَّهِ يَسِيرٌ
Күпірлік етушілер ақиретке сенбегендер ешқашан тірілтілмейміз деп есептеді. Ей, Мұхаммед! Айт: «Олай емес, Раббыммен ант етемін! әлбетте, қайта тірілтілесіңдер, содан кейін сендерге не істегендеріңнің хабары беріледі. Бұл Аллаһқа оңай»,- деп

Choose other languages: