Quran Apps in many lanuages:

Surah At-Taghabun Ayahs #9 Translated in Kazakh

أَلَمْ يَأْتِكُمْ نَبَأُ الَّذِينَ كَفَرُوا مِنْ قَبْلُ فَذَاقُوا وَبَالَ أَمْرِهِمْ وَلَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ
Сендерге бұрыннан сондай күпірлік еткендердің иманды теріске шығарушылардың хабары келмеді ме? Олар істерінің жазасын татты. Әрі оларға күйзелтуші азап бар
ذَٰلِكَ بِأَنَّهُ كَانَتْ تَأْتِيهِمْ رُسُلُهُمْ بِالْبَيِّنَاتِ فَقَالُوا أَبَشَرٌ يَهْدُونَنَا فَكَفَرُوا وَتَوَلَّوْا ۚ وَاسْتَغْنَى اللَّهُ ۚ وَاللَّهُ غَنِيٌّ حَمِيدٌ
Бұл, оларға елшілері анық дәлелдермен келген кезде олардың: «Бізді адам тура жолға салады ма?» деп, күпірлік еткендіктері қарсы келгендіктері және теріс бұрылғандықтары себепті. Аллаһ Оларға мұқтаж емес. Аллаһ Бай, Мұқтажсыз, мақтауға лайық
زَعَمَ الَّذِينَ كَفَرُوا أَنْ لَنْ يُبْعَثُوا ۚ قُلْ بَلَىٰ وَرَبِّي لَتُبْعَثُنَّ ثُمَّ لَتُنَبَّؤُنَّ بِمَا عَمِلْتُمْ ۚ وَذَٰلِكَ عَلَى اللَّهِ يَسِيرٌ
Күпірлік етушілер ақиретке сенбегендер ешқашан тірілтілмейміз деп есептеді. Ей, Мұхаммед! Айт: «Олай емес, Раббыммен ант етемін! әлбетте, қайта тірілтілесіңдер, содан кейін сендерге не істегендеріңнің хабары беріледі. Бұл Аллаһқа оңай»,- деп
فَآمِنُوا بِاللَّهِ وَرَسُولِهِ وَالنُّورِ الَّذِي أَنْزَلْنَا ۚ وَاللَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ خَبِيرٌ
Аллаһқа, Оның елшісіне және Біз түсірген Нұрға Құранға сеніңдер. Аллаһ не істеп жатқандарыңнан Хабардар
يَوْمَ يَجْمَعُكُمْ لِيَوْمِ الْجَمْعِ ۖ ذَٰلِكَ يَوْمُ التَّغَابُنِ ۗ وَمَنْ يُؤْمِنْ بِاللَّهِ وَيَعْمَلْ صَالِحًا يُكَفِّرْ عَنْهُ سَيِّئَاتِهِ وَيُدْخِلْهُ جَنَّاتٍ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ خَالِدِينَ فِيهَا أَبَدًا ۚ ذَٰلِكَ الْفَوْزُ الْعَظِيمُ
Сол күні Ол сендерді Жинау Қиямет күні үшін жинайды. Бұл Тағабун (Бірін бірі алдаудың белгілі болатын, бірі пайда тауып,бірі ұтылатын) күні. Кім Аллаһқа сенсе және ізгі амал жасаса, Ол оның жамандықтарын кешіреді және оны астынан өзендер ағып жататын Жәннаттағы бақтарға кіргізеді. Олар онда мәңгі қалады. Міне, осы ұлы жетістік

Choose other languages: