Quran Apps in many lanuages:

Surah Ash-Shura Ayahs #7 Translated in Kazakh

كَذَٰلِكَ يُوحِي إِلَيْكَ وَإِلَى الَّذِينَ مِنْ قَبْلِكَ اللَّهُ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ
Ей, Мұхаммед! Бәрінен Үстем, аса Дана Аллаһ саған және сенен бұрын болғандарға пайғамбарларға осылай уахи етеді
لَهُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ ۖ وَهُوَ الْعَلِيُّ الْعَظِيمُ
Аспандардағы және жердегі барлық нәрселер Онікі. Әрі Ол өте Жоғары, аса Ұлы
تَكَادُ السَّمَاوَاتُ يَتَفَطَّرْنَ مِنْ فَوْقِهِنَّ ۚ وَالْمَلَائِكَةُ يُسَبِّحُونَ بِحَمْدِ رَبِّهِمْ وَيَسْتَغْفِرُونَ لِمَنْ فِي الْأَرْضِ ۗ أَلَا إِنَّ اللَّهَ هُوَ الْغَفُورُ الرَّحِيمُ
Аспандар бір-бірінің үсті жағынан жарылып бөлшектеніп кете жаздайды. Ал, періштелер өздерінің Раббысына мақтау айтып, барлық кемшіліктен пәк деп дәріптейді және жердегілер үшін кешірім тілейді. Біліндер! Ақиқатында, Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
وَالَّذِينَ اتَّخَذُوا مِنْ دُونِهِ أَوْلِيَاءَ اللَّهُ حَفِيظٌ عَلَيْهِمْ وَمَا أَنْتَ عَلَيْهِمْ بِوَكِيلٍ
Ей, Мұхаммед! Одан өзгені қамқоршылар етіп алғандарды Аллаһ бақылаушы, ал сен олар үшін жауапкер емессің
وَكَذَٰلِكَ أَوْحَيْنَا إِلَيْكَ قُرْآنًا عَرَبِيًّا لِتُنْذِرَ أُمَّ الْقُرَىٰ وَمَنْ حَوْلَهَا وَتُنْذِرَ يَوْمَ الْجَمْعِ لَا رَيْبَ فِيهِ ۚ فَرِيقٌ فِي الْجَنَّةِ وَفَرِيقٌ فِي السَّعِيرِ
Әрі осылай саған елді мекендердің анасын «Уммул-Қура» және оны айнала орналасқандарды насихаттауың үшін арабша Құранды уахи еттік. Әрі болуында күмән жоқ, Жиналу Қайта тірілу күні жайлы ескертуің үшін. Бір топ Жәннатта, ал бір топ Саъирда (Тозақта) болады

Choose other languages: