Quran Apps in many lanuages:

Surah Ash-Shura Ayahs #23 Translated in Kazakh

اللَّهُ لَطِيفٌ بِعِبَادِهِ يَرْزُقُ مَنْ يَشَاءُ ۖ وَهُوَ الْقَوِيُّ الْعَزِيزُ
Аллаһ құлдарына мейірбан, бәрін толық Білуші. Ол қалағанына ризық береді. Әрі Ол өте Күшті, аса Үстем
مَنْ كَانَ يُرِيدُ حَرْثَ الْآخِرَةِ نَزِدْ لَهُ فِي حَرْثِهِ ۖ وَمَنْ كَانَ يُرِيدُ حَرْثَ الدُّنْيَا نُؤْتِهِ مِنْهَا وَمَا لَهُ فِي الْآخِرَةِ مِنْ نَصِيبٍ
Кім соңғы, мәңгілік өмір ақирет жемісін қалайтын болса, оған өнімін арттырамыз. Ал, кім осы өмірдің жемісін қаласа, оған одан береміз, алайда ол үшін соңғы, мәңгілік өмірде ақиретте ешбір үлес болмайды
أَمْ لَهُمْ شُرَكَاءُ شَرَعُوا لَهُمْ مِنَ الدِّينِ مَا لَمْ يَأْذَنْ بِهِ اللَّهُ ۚ وَلَوْلَا كَلِمَةُ الْفَصْلِ لَقُضِيَ بَيْنَهُمْ ۗ وَإِنَّ الظَّالِمِينَ لَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ
Әлде оларға дінде Аллаһ рұқсат етпегенді олар үшін заң етіп бекітетін серіктері құдайлары бар ма? Егер де шешуші Сөз болмағанда, олардың арасына үкім етілер еді. Шын мәнінде, әділетсіздер үшін күйзелтуші азап бар
تَرَى الظَّالِمِينَ مُشْفِقِينَ مِمَّا كَسَبُوا وَهُوَ وَاقِعٌ بِهِمْ ۗ وَالَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ فِي رَوْضَاتِ الْجَنَّاتِ ۖ لَهُمْ مَا يَشَاءُونَ عِنْدَ رَبِّهِمْ ۚ ذَٰلِكَ هُوَ الْفَضْلُ الْكَبِيرُ
Ей, Мұхаммед! Сен әділетсіздердің Қайта тірілу күні! өздерінің істеп тапқандарынан зәресі ұшып, қорыққанын көресің, әрі ол амалдарының жазасы оларға болады. Ал, иманға келген және ізгі амал істегендер жәннаттардың бақтарында болады. Оларға Раббысының алдында қалағандары бар. Міне, осы үлкен кеңшілік
ذَٰلِكَ الَّذِي يُبَشِّرُ اللَّهُ عِبَادَهُ الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ ۗ قُلْ لَا أَسْأَلُكُمْ عَلَيْهِ أَجْرًا إِلَّا الْمَوَدَّةَ فِي الْقُرْبَىٰ ۗ وَمَنْ يَقْتَرِفْ حَسَنَةً نَزِدْ لَهُ فِيهَا حُسْنًا ۚ إِنَّ اللَّهَ غَفُورٌ شَكُورٌ
Бұл Аллаһтың иманға келген және ізгі амал істеген құлдарына сүйінші хабары. I Ей, Мұхаммед! Айт: «Сендерден бұл үшін ақы сұрамаймын, тек туысқандық жақсы көруді ғана болмаса», деп. Кім бір жақсылық істесе, Біз оған ондағы жақсылығын көбейтеміз. Ақиқатында, Аллаһ өте Кешірімді, бойсұнушы құлдарының аз амалына мол сауап беруші

Choose other languages: