Quran Apps in many lanuages:

Surah Ash-Shu'ara Ayahs #18 Translated in Kazakh

وَلَهُمْ عَلَيَّ ذَنْبٌ فَأَخَافُ أَنْ يَقْتُلُونِ
Әрі менің мойнымда оларға қатысты істелген күнә бар. Олардың мені өлтіруінен қорқамын», -деді
قَالَ كَلَّا ۖ فَاذْهَبَا بِآيَاتِنَا ۖ إِنَّا مَعَكُمْ مُسْتَمِعُونَ
Аллаһ : «Жоқ, олай болмайды. Екеуің Біздің белгілерімізбен барыңдар. Ақиқатында Біз сендермен біргеміз, естіп тұрамыз
فَأْتِيَا فِرْعَوْنَ فَقُولَا إِنَّا رَسُولُ رَبِّ الْعَالَمِينَ
Фиръаунға барып: «Біз әлемдер Раббысының Елшісіміз
أَنْ أَرْسِلْ مَعَنَا بَنِي إِسْرَائِيلَ
Исраил ұрпақтарын бізбен бірге жібер», деп айтыңдар», деді
قَالَ أَلَمْ نُرَبِّكَ فِينَا وَلِيدًا وَلَبِثْتَ فِينَا مِنْ عُمُرِكَ سِنِينَ
Фиръаун : «Біз сені сәби кезіңнен арамызда бағып өсірмедік пе? Сен өміріңнің талай жылын арамызда өткізіп едің ғой

Choose other languages: