Quran Apps in many lanuages:

Surah As-Sajda Ayahs #17 Translated in Kazakh

وَلَوْ شِئْنَا لَآتَيْنَا كُلَّ نَفْسٍ هُدَاهَا وَلَٰكِنْ حَقَّ الْقَوْلُ مِنِّي لَأَمْلَأَنَّ جَهَنَّمَ مِنَ الْجِنَّةِ وَالنَّاسِ أَجْمَعِينَ
Егер де қалағанымызда, барлық адамды тура жолмен жүргізер едік. Бірақ Менен: «Тозақты жындардың және адамдардың кәпір, күнәһарларының барлығымен әлбетте толтырамын» деп айтылған сөз болды
فَذُوقُوا بِمَا نَسِيتُمْ لِقَاءَ يَوْمِكُمْ هَٰذَا إِنَّا نَسِينَاكُمْ ۖ وَذُوقُوا عَذَابَ الْخُلْدِ بِمَا كُنْتُمْ تَعْمَلُونَ
Имансыздарға : «Өздеріңнің осы күндеріңе жолығуды ұмытқандарың үшін азапты татыңдар. Анығында, Біз де сендерді Есеп күнін ұмытқандарыңдай ұмыттық. Істеп өткен амалдарың үшін мәңгіліктің азабын татыңдар», делінеді
إِنَّمَا يُؤْمِنُ بِآيَاتِنَا الَّذِينَ إِذَا ذُكِّرُوا بِهَا خَرُّوا سُجَّدًا وَسَبَّحُوا بِحَمْدِ رَبِّهِمْ وَهُمْ لَا يَسْتَكْبِرُونَ ۩
Анығында, Біздің аяттарымызға, ол арқылы естеріне салынған кезде, өздерін жоғары санап, менменсімей сәждеге жығылып және өздерінің Раббысына мақтаулар айтып, барлық кемшіліктен пәк деп дәріптейтіндер ғана сенеді
تَتَجَافَىٰ جُنُوبُهُمْ عَنِ الْمَضَاجِعِ يَدْعُونَ رَبَّهُمْ خَوْفًا وَطَمَعًا وَمِمَّا رَزَقْنَاهُمْ يُنْفِقُونَ
Олар жамбастары төсектерден ажырап, өздерінің Раббысынан қорқып және үміт етіп тілейді әрі Біз өздеріне ризық етіп бергеннен жұмсайды
فَلَا تَعْلَمُ نَفْسٌ مَا أُخْفِيَ لَهُمْ مِنْ قُرَّةِ أَعْيُنٍ جَزَاءً بِمَا كَانُوا يَعْمَلُونَ
Ешбір жан істеген амалдары үшін қайтарым сый ретінде өздері көзайым болатын қандай қуаныштың жасырылғанын білмейді

Choose other languages: