Quran Apps in many lanuages:

Surah Ar-Rum Ayahs #21 Translated in Kazakh

فَسُبْحَانَ اللَّهِ حِينَ تُمْسُونَ وَحِينَ تُصْبِحُونَ
Ей, мұсылмандар! Сендер кештің кіретін уақыттарында және таңның ататын уақыттарында Аллаһты барлық кемшіліктен пәк деп дәріптеңдер
وَلَهُ الْحَمْدُ فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَعَشِيًّا وَحِينَ تُظْهِرُونَ
Әрі аспандардағы және жердегі барлық мақтау Оған Аллаһқа . Әрі түнде және түскі уақыттарда да Оны дәріптеңдер
يُخْرِجُ الْحَيَّ مِنَ الْمَيِّتِ وَيُخْرِجُ الْمَيِّتَ مِنَ الْحَيِّ وَيُحْيِي الْأَرْضَ بَعْدَ مَوْتِهَا ۚ وَكَذَٰلِكَ تُخْرَجُونَ
Ол өліден тіріні шығарады, тіріден өліні шығарады әрі жерді өлгенінен кейін қайта жандандырып тірілтеді. Сендер де осылай қабірден қайта тірілтіліп шығарыласыңдар
وَمِنْ آيَاتِهِ أَنْ خَلَقَكُمْ مِنْ تُرَابٍ ثُمَّ إِذَا أَنْتُمْ بَشَرٌ تَنْتَشِرُونَ
Әрі сендерді топырақтан жаратқаны және кейін сендердің адам адамзат болып таралуларың Оның белгілерінің бірі
وَمِنْ آيَاتِهِ أَنْ خَلَقَ لَكُمْ مِنْ أَنْفُسِكُمْ أَزْوَاجًا لِتَسْكُنُوا إِلَيْهَا وَجَعَلَ بَيْنَكُمْ مَوَدَّةً وَرَحْمَةً ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَاتٍ لِقَوْمٍ يَتَفَكَّرُونَ
Әрі сендердің тыныштық, тыным тауып орнығуларың үшін өздеріңнен жұбайлар жаратуы және араларында сүйіспеншілік пен мейірім-жанашырлық пайда етуі де Оның белгілерінен. Ақиқатында мұнда ойланып, ақылға салатын адамдар үшін дәлел-ғибраттар бар

Choose other languages: